8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2020 1338 0
Қоғам

БҚО-ДА ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 720 БАЛА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ БЕРІЛГЕН

БҚО білім басқармасының мәліметінше, облыс бойынша 817 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады.

Оның 720-сі  – отбасылық тәрбиеде (қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы). Нақтырақ айтқанда, 538-қорғаншылық пен қамқоршылықта, 169-патронат тәрбиесінде, 13-қабылдаушы отбасында. Ал қалған 97-сі  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі мекемелерде  тәрбиеленуде.  Жылдан-жылға облыста жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар контингенті азаюда, әсіресе жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілер саны азайып келеді.  2016 жыл -191 бала, 2017 жыл – 163, 2018 жыл- 132 бала болған.

2019 жылы мекемелерден 51 тәрбиеленуші отбасына орналастырылды. Оның ішінде 5-уі асырап алынған.  14-і қорғаншылық және қамқоршылық, 16-сы патронаттық тәрбиеге, 5-уі қабылдаушы отбасына орналастырылса және 12-сі туған отбасыларына қайтарылды.

Биыл мекемелерден 2 тәрбиеленуші отбасына орналастырылды. Оның ішінде біреуі қорғаншылыққа болса, біреуі туған отбасына қайтарылған. Дегенмен, мамандар қазіргі уақытта карантинге байланысты бұл бағыттағы жұмыс тоқтап тұрғанын мәлім етті.

Бүгінде 123 отбасында 169 бала патронат тәрбиесінде.

Патронат отбасыға мемлекеттік тарапынан10 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде жәрдемақы төленеді және патронат тәрбиешісіне білімі, енбек өтіліне сәйкес жалақы ретінде жәрдемақы төленеді. Отбасындағы балалардың жағдайын қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі мамандары әр алты ай сайын тексеріп,   баланың тәрбиесі денсаулығы және берілген қаражатты жұмсау туралы есеп алады. Сонымен қатар, балалар үйінен кеткен балалардың жағдайы балалар үйі әкімшілігімен және жылына бір рет білім басқармасымен тексеріліп, мәселе алқа отырысында қаралады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
140 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
384 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»