8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Мамыр 2020 1259 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 544-КЕ ЖЕТТІ

28 мамыр күні БҚО-да 51 адамнан коронавирус анықталып,  аурушаңдық өсімі 10,3 пайызды көрсетті. 

Коронавирус инфекциясы анықталған 2 адам – Ресей Федерациясында жұмыс істейтін бірі Шымкент қаласының тұрғындары. Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, 10 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған.

12 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

Сонымен қатар, 27 адам Атырау облысының Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

28 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 544 адам тіркелді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»