1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Орал қаласының білім беру бөлімі 2020-2021 оқу жылында Орал қаласының білім беру ұйымдары көрсететін «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі 2020 жылдың 1-маусымынан бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылатынын хабарлады.

Ата-аналарға порталдың «Білім» бөліміне кіріп, «Орта білім», мектепке кіріп, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қолжетімді болады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының бірінші сыныптарына алты жасқа толған балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар бірінші сыныпқа бара алады, себебі күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқығы бар. Бұл жөнінде электрондық үкімет порталында жазылған.
Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқыту үшін кез-келген білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар (бос орын болған жағдайда).Типтік ережелерге сәйкес, білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша сыныптарды толықтыруға жол берілмейді, ал бір сыныптағы оқушылар саны 25-тен астам болуы тиіс емес.
Бастауыш білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей:
- Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);
- 3 см-де 4 см 2 фотосурет.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде оқу орнының басшылығы түсушілер мен олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарғы мен оқу үрдісін реттеуші өзге де құжаттармен таныстыруы қажет.
Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде (мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа) емтихан, тестілеу, сынақтар, байқау жүргізілмейді. Мектепке дейінгі мекемелерге бармаған және мектеп алды дайындықтан өтпеген балалар үшін, оқу жылының басына дейін дайындық курстары ұйымдастырылады. Мектеп алды дайындық міндетті түрде. Оны бірінші сыныпқа баратын барлық балалар қамтуы тиіс. Бұл мектеп алды сынып, балабақшадағы дайындық сабақтары немесе қысқа мерзімдік курстар болуы мүмкін.
Мекенжайын ескерместен балаларды байқау арқылы таңдау, жоғарғы дәрежелі үлгідегі мектептерде – гимназиялар мен лицейлерде қарастырылған. Мұндай іріктеуде бала ережеге сәйкес, бала өзінің оқу үрдісіне деген дайындығын анықтауға мүмкіндік беретін әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесу бастауыш сыныптарының мұғалімдері, психолог және әлеуметтік педагогтан тұратын комиссиямен жүргізіледі.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу