8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2020 1140 0
Қоғам

КАРАНТИН ҚЫСҚАРСЫН ДЕСЕҢІЗ…

         Карантин қысқарсын десеңіз, бетіңізден бетпердеңіз түспесін. Бұл – коронавирустың таралуына жол бермеудің бірден-бір амалы. Бүгін де жалпыға бірдей ережені елемеген жүргізушілер мен жолаушылар мониторингтік топтың назарына ілігіп, айыппұл арқалады.

Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің  мамандары қаладағы қоғамдық көліктерде санитарлық нормалардың сақталуын күн сайын бақылап отыр. Соңғы екі күн ішіндегі тексеріс нәтижесінде автобус салонының санитарлық жағдайы, жол жүру билеттерінің берілмеуі, жолаушылардың мөлшерден тыс мінуі, жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбауы секілді 46 құқықбұзушылық анықталған. Нәтижесінде  жүргізушілерге тиісті шаралар қолдану үшін мәліметтерд жауапты кәсіпорын басшыларына жолданды. Өрескел бұзушылықтарға жол берген автобустар желіден шығарылды.

Жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмаз Ахошевтың айтуынша, карантинге дейін 400-ден аса қоғамдық көлік қала тұрғындарына қызмет көрсетсе, қазіргі таңда 280-і ғана желіде жүр. Сейсенбі күні санитарлық талаптарды сақтамаған №7, 3, 1 бағыттағы 4 автобус желіден шығарылыпты. Әсіресе, Мұхит көшесі бойындағы «Орталық базар» аялдамасында халық көп шоғырланады. Сондықтан санитарлық  нормалар дұрыс сақталмай отыр. Автобус жүргізушісі мен кондукторы маска, қолғапты тастамауы тиіс және жолаушылардың да күнделікті осы ережені сақтауын қадағалағаны жөн. Карантин ережелері жеңілдетілгенімен, еркінсуге әлі ерте. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Тексеріс барысында аталмыш сала мамандары қаладағы «Мед.колледж» аялдамасына тоқтаған №5, 22, 3 автобустардағы санитарлық нормалардың сақталуын тексерді.  Бір байқағанымыз, тұрғындар бейқам. Қоғамның ішінде коронавирус індетінің бар-жоғына сенбейтіндер бар, сенгендері болса індет мені айналып өтеді деген сенімділер бар. Маскасыз еркін жүргендерді көп кездестірдік. Ескерту берілгенде ғана, жанталаса қалталарын қарманып, әйтеуір табылғанына қуанып,  тағып алуда.

– Күн сайын әр айналым сайын көлігімізге дезинфекция жасап отырамыз. Әр жолаушының маскамен кіруін талап етеміз. Кейбірі ескертуімізге құлақ аспай жатады, – дейді №5 автобус жүргізушісі Манас Иманғалиев.

Мониторингтік топ мүшелері бұдан соң №5 автобусқа отырып, әр аялдамадан ішке енген жолаушыларды  бақылады.

– Күн ысыған соң автобустың іші ыстық. Бірақ, талап өзгермейді – қоғамдық орындар мен автобустарда міндетті түрде бетперде кию қажет. Тұрғындар ережелерді сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктердің қозғалысы қайта тоқтатылуы мүмкін. Егер қорғаныш құралы болса, жұқтыру тәуекелі азаяды, – деп жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді сала мамандары.

Бүгінде өңірімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 500-ге таяды. Өсім қарқыны да өршіп тұр. Кейбір жолаушылар «қатты ыстықта қалай маска киіп жүруге болады?» деп таңқалса, кей кондукторлар «Маскаң жоқ деп қалай итеріп шығарып жіберуге болады?!» дейді қысылмастан.

Еске сала кетейік, коронавирус жұқтырудың өсімі 7 пайыздан асқан жағдайда карантин шаралары қайта қатаңдатылуы мүмкін. Сондықтан  сақтық ережелерін сақтағанымыз абзал.

 

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
341 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
483 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
520 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
789 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
804 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
929 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1232 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1324 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1349 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1560 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1833 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2053 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2098 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2240 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»