СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
Бүгін Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде онлайн режимде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау салтанаты өтті. Биыл Зияткерлік мектеп 7-сыныпқа 168 оқушыны қабылдаса, 68 түлек алтын ұясынан қанат қақты. Олардың бірқатары бүгінде отандық және шетелдік университеттерден шақырту алып үлгерді.

– Зияткерлік мектеп қауымдастығы еліміздің білім беру саласында жүктелген жауапкершілікті сезініп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытудағы қызметін абыроймен атқарды. Биыл оралдық 100-ден астам зияткер халықаралық, республикалық олимпиада, ғылыми жобалар байқауы мен түрлі сайыстардан жүлделі оралды, – деп атап өтті мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев.
Мектеп робототехниктері Венгрияда өткен Бүкіләлемдік чемпионатта үздік сегіздікке кірсе, педагогтар жылдағы дәстүрден жаңылмай озық тәжірибені таратуда белсенді жұмыс атқарды. Тәрбие бағытында «Алтын ұрпақ» жобасы бастау алып, ата-аналар қатысуымен кітапсүйерлер қауымдастығы құрылыпты. Салтанатты шара барысында мектеп мұғалімдері, оқушылары және олардың ата-аналары сөз алды. Барша қауымдастықты соңғы қоңырау мерекесімен белгілі әнші Димаш Құдайберген де құттықтады.
– Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары, жарқын өмірге, болашаққа, кемел қадам басқалы жатқан мектеп бітіруші түлектер! Сіздерге мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Еліміздің ертеңі үшін талмай еңбек етіп, биік белестерден көрінетіндеріңізге сенемін. Барлық арман-мақсаттарыңызға жете беріңіздер, – деді ол арнайы жолдаған видеоқұттықтауында.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу