БҚО-ДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚСЫЗ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қызметін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

Облыс бойынша бүгінгі күнге коронавирустық жұқпаның 414 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 15 жасқа дейінгі балалар арасында 15 жағдай.
– 23 мамыр күні облыста – 16 жағдай тіркеліп, аурушаңдық 4,3 пайызды көрсетті, 24 мамыр күні 28 жағдай тіркеліп, аурушаңдық деңгейі 7,8 пайызға көтерілді. Бүгінгі күнге тіркелген 414 жағдайдың 252-сі сырттан әкелінген, яғни Атырау мен Ресейден келгендер. 162 жағдай қарым-қатынас негізінде жұқтырылған, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Олардың 64-і медицина, бесеуі – полиция, екеуі – балабақша, екеуі – білім беру бөлімі қызметкерлері. Сондай-ақ оқу орталығында – екі, блокбекетте – бір және үй ошақтарында 85 жағдайда жұққан. Эпидемиологиялық тергеу барысында олармен қарым-қатынаста болғандар анықталып, оқшауланып, коронавирус жұқпасына сынама алынған.
Қазіргі уақытта инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларда 342 адам бар, үй оқшаулауында – 1134 адам дәрігерлер бақылауында. 226 науқас ем алып шықты. Олар да күнделікті дәрігерлердің бақылауында.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу