815 СТУДЕНТ ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты техникалық және кәсіптік білім беріп жатқан оқу орындары да наурыз айының 16-сынан бастап қашықтан оқыту форматына көшкен болатын.
Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде студенттер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқу үрдісі барысында олардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие, яғни жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі, икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша), жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі, оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту, экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен), жаңа технологияларды қолдану, оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан), барлық елдегі ақпараттық-оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі, материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы, оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Міне, сондықтан қаладағы дамыған оқу орындарының бірі Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі білім беру процесін үздіксіз жүргізу мақсатында «College SmartNation» техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған бірыңғай порталын қолдану арқылы қашықтан оқыту форматына көшті…
Зияш ТӘЖІКБАЕВА, Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің
оқу бөлімі басшысы
Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №19 санынан оқи аласыздар.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу