8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2020 842 0
Қоғам

«ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН БАТЫРДЫҢ БІЗ ҰРПАҒЫМЫЗ»

             «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны аяқталды. Патриоттық жобаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы тарихындағы нақты бір отбасының тарихын еске алу. Зияткерлік мектептердің оқушы, мұғалім және ата-анасы өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен суреттер, сонымен қатар соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынды.

Марафон бойы  әлеуметтік желілердегі NIS-тіңресми аккаунттарындағы жарияланымдар Ұлы Жеңіске арналады. Онлайн форматта шаңырақтарда майдан және тыл ардагерлерімен кездесу, «Ұлы Жеңіске тағзым» ерлік сабақтары өтіп,  «Менің отбасымның ардагер батыры» зерттеу жобаларының қорытындысы жарияланды. Қашықтан форматындағы «Ол күндердің даңқы өшпейді» ән челленджі, «Мен батырдың ұрпағымын» арт челленджі, «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» көркемсөз оқулары көптің қызығушылығын тудырды. Әр мектепте оқушылар отбасы мұрағатында сақталған майдан хаттары мен суреттерін көрсеткен «Соғыс туралы монолог», «Майданнан хат», «Отты жылдар жаңғырығы – отбасымда» деректі фильмдері дайындалды.Дала поштасынан жолданған әрбір сарғайған үшбу хатта бейбіт өмір туралы армандар мен жоспарлар, үй іші және жан достармен хабар алмасу, туған жеріне деген сағыныш жатыр.

НұрСұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Бекеновтің атасы Қадан Бекенов Берлинді алуға қатысқан. Қарағанды қаласындағы НЗМ-нен Мирас Дауытқазының атасы, әскери дәрігер Шәріп Сексенов майдан даласында 15 500-ден астам ота жасапты. Өскемендік зияткер Алдияр Аубакировтың атасы Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп  мұғалімі Эльмира Акимованың әкесі, ұстаз Тұрсын Акимов сұм соғыс басталысымен өз еркімен майданға аттанған. Алматылық химия-биология бағытындағы мектептен Богдан Мироновтың атасы Григорий МироновЛадога көлінің әйгілі «Өмір жолымен»Ленинград блокадасына азық-түлік жеткізіпті. Тегін бүгінде Қостанайдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Диар мен Санжар Куставлетовтер алған Абдрахман Куставлетов өзінің ұлы Ахметбекті атқыштар мектебінде кездестірген. Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Батырхан Сарсеновтың атасы Шамсутдин Сарсенов кеңес барлаушылары құрамында Тегеран конференциясында «Үлкен Үштік» көшбасшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. «Білімге ұмтылыңыздар!» – шымкенттік физика-математика бағытындағы мектеп оқушысы Абылай Кеңестің атасы Анас Алимов немерелеріне осындай өсиет қалдырды. Жеңіс марафоны кезінде отбасы мұрағатындағы әсерлі, жан теберінтер жүздеген бірегей оқиға баяндалды.

Соғыс жылдарында Орал қаласының үш аэродромынан әйгілі ұшқыштар Хиуаз Доспанова мен Леонид Беда әуеге көтерілген, бірінің орнында қазір Назарбаев Зияткерлік мектебі орналасқан. Денсаулығына байланысты майдан қатарына алынбаған Әділбек  Демесінов бар мүлкіне әскери ұшақ сатып алып, тылда нағыз ерлігімен танылған. Иван Сусанин атындағы костромалық мұражайда 53-ші Сусанин ретінде Байшыған Бектұрлиев аты тұр, оның ерлігінің арқасында Қазақстанның батысында Гурьев мұнай өңдеу зауытына бара жатқан жау десанты жойылған, аты аңызға айналған ақсақал – оралдық Зияткерлік мектеп оқушылары Әли мен Мерей Есенгелдиндердің атасы. 9 мамыр күні павлодарлық зияткер Аружан Халықованың апасы, тыл ардагері Күлжаупар Қожановаға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірімділік көпірі» волонтерлік клубы жүргізген әлеуметтік-зерттеу қорытындысы бойынша «След войны в истории моей судьбы» атты жинақ шықты. Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Кестелi орамал» акциясы кезінде оқушылар мен мұғалімдер соғыс пен тылда тер төккен ардагер туыстарының атын кестелеп жазды. Жеңіске 75 жыл толғанда Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Светлана Озган әріптестерінің көмегімен атасы Озган Косановтың жерленген жерін тапты, отбасы бұл іздеуді 1943 жылы бастаған екен.

Жүздеген әңгімелер мен фильмдер, майдан хаттары мен суреттер – барлығы да Ұлы соғыстың және оның майданы мен тылында ерлік көрсеткен ең жақын адамдардың шынайы әрі егжей-тегжейлі келбеті, ал ондағы кейіпкерлердің аты марафонға қатысушылардың мақтан тұтар тегіне айналған. Естеліктер лентасында оқушылар Жеңіс күнін неліктен көзді жасқа толтыра тойлайтын мереке екенін түсінгендерін, майдан хаттары мен суреттер, жерлеу туралы хабарламалар, орден кітапшалары, әскери марапаттар, ардагерлердің қол сағаттары – әрбір қазақстандық отбасы үшін құнды жәдігерлер екеніне көз жеткізгендерін мойындады.

«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық оқушылары үшін ерлік пен  патриотизмнен сыр шерткен шынайы сабаққа айналды. Қазіргі таңда NIS желісінде электронды «Естеліктер мұрағатын» жасау қолға алынған. Айтулы марафонды дәстүрлі түрде жыл сайын мамырдың бірінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
102 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
302 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
304 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
762 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
830 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
848 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
870 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
889 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1258 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1384 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1416 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1691 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1703 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1831 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2123 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2222 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»