17 ЖАСАР ҚЫЗ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ
Өгей әкесін өлтіруге себеп болған 17 жасар Ирина Лапина түзету мекемесінде өз-өзіне қол жұмсады.

Оған 9 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылған болатын. Қанды оқиға 2019 жылдың тамыз айында болған. Ирина Лапина мен досы Нұрхан Мақсотқа жасөспірім қыздың анасы Вероника хабарласып, өгей әкесінің зәбір көрсеткен мәлімдеген. Осы сәтте досына көмектеспек болған Н.Мақсот сөмкесінде жүрген қол орақты алып шығып, оның жүзімен жәбірленуші Есқалиевтің оң иығынан ұрып, кейін табамен, шәйнекпен, асүй балтасымен басына, денесіне бірнеше мәрте тиген ауыр соққы жасаған. Алған жарақатынан 40 жастағы Есқалиев сол жерде жан тапсырады. Олар ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағымен, яғни топтасып қасақана адам өлтіру белгілерімен кінәлі деп танылған еді. Кешкі мектептің 10-сыныбында оқыған И.Лапинаның 8 мамыр күні күндізгі уақыт үш жарымда түзету мекемесінде асылып тұрғанын көріп, мамандар жедел жәрдем қызметін шақырады. Анықталғандай, марқұмның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық әрекеттер байқалмаған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу