8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2020 1336 0
Қоғам

БҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ АДАЛДЫҚ САҒАТЫН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТКІЗДІ

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.

Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.

Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.

Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.

Аталған акция аясында БҚО бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды.

Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, жергілікті телеарналарда, Департаменттің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілердегі парақшаларында басшының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен көрсетілді.

Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ZOOM қосымшасы арқылы ұйымдастырылып, «Instagram» әлеуметтік желісінің Anticor_shtab_zko парақшасы арқылы трансляцияланды. Шараға колледж директоры, оқытушылары және студенттері қатынасты.

Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Департаментпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
63 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»