8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Мамыр 2020 1324 0
Қоғам

ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – НЕГІЗГІ МІНДЕТІМІЗ

15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ БҚО жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Департамент жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабы 2019 жылдың желтоқсан айында құрылды. Оның құрамында әр саланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар және т.б. бар. Мысалы, Самбо күресінен Әлем чемпионы, Самбо күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбол Нәсіпкерейұлы Серіков насихатшылар қатарында.

Жалпы Штабпен 30-дан астам кездесу ұйымдастырылған. Instagram әлеуметтік желісінде Anticor_shtab_zko парақшасы ашылып, 45-тен астам бейнеролик орналастырылған. Жергілікті ақпарат порталында «Адалдық – асыл қасиет» тақырыбында мақала жарияланған.

Штаб мүшелері елімізде төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин кезінде жасотандықтардың еріктілерімен бірлесіп, «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастыруға үлес қосқан.

Акция аясында БҚО бойынша 6516 адам, оның ішінде Орал қаласы бойынша 1642 аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеті мен жеке гигиеналық заттармен қамтылған.

Тікелей эфир барысында әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берілді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»