8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 1361 0
Қоғам

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ТАҢДАУЛЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КӨТЕРМЕЛЕНГЕН

13 мамырда БҚО арнайы мониторингтік тобының бастамасымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қолдауымен БАҚ қатысуымен Төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау саласында қоғамдық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн кеңес өткізілді.

Шараға БҚО жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, республикалық Арнайы мониторингтік топтың (бұдан әрі – РАМТ) басшысы А. Соловьева, РАМТ мүшесі М. Абенов, БҚО АМТ басшысы В. Колпаков, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М. Арыспаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Каюпов, сондай-ақ медициналық мекемелердің басшылары қатысты.

Өз баяндамаларымен Н. Самет, М. Арыспаев, Б. Каюпов, бас дәрігерлер Б. Мурзахметов, М. Иманғалиев, Р. Жалиев, Г. Ислямов, сондай-ақ БҚО АМТ өкілдері В. Колпаков, Г. Ищанов және А. Салахатдинова сөз сөйледі.

Н. Самет COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдауға қатысты жұртшылықтың қатысуымен жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтің нәтижелерін атап өтті.

Мониторинг барысында дәрігерлерге екі еселенген төлемақы төлеу фактісі анықталған, яғни бір мезгілде екі жерде жұмыс жасаған. Сондай-ақ жекелеген қызметкерлерге басымдықтар беру арқылы көтермеленген сағаттар қою, жұмыс уақытын есепке алу табеліне сағаттарды дұрыс қоймау және басқа да фактілер белгілі болған.

В. Колпаков өз сөзінде ТЖ жарияланғанына қарамастан, АМТ мүшелері блокпосттар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағалары, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, азаматтардың карантиндік шараларды сақтауы және т.б. мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

А. Соловьева мен М. Әбенов өткізілген іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін, БҚО АМТ нәижелі жұмысын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара тиімді іс-қимылын атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтты.

Жалпы, осы іс-шараның нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік құрылым басшыларына олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралы ретінде қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту туралы нақты және анық түсіндірілді.

АМТ өкілдері және Н.Самет баршаны парасаттылыққа, ашықтылыққа, айқындылыққа және қоғам алдында есеп беруге шақырды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»