8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 1433 0
Қоғам

«АБАЙ» ҚАРТ КАСПИЙГЕ АТТАНДЫ

Бүгін оралдық «Зенит» зауыты жылжымалы айлақты суға түсірді. Су ығыстырылымы 500 тоннаға жуықтайтын маневрлы орналасу пункті Қазақстандағы ең ірі су көлігі. Оралдан қарт Каспийге аттанатын жылжымалы айлаққа ұлы ойшыл, ағартушы, данышпан ақынымыз Абай Құнанбайұлының аты берілді. Бұл «Зенит» зауыты құрастырған 31-ші су көлігі.


Кеме-катерлерге арналған маневрлік тұрақ бекеті суға түсірілді. Кемежайды «Зенит» зауыты ҚР Шекара қызметіне арнап құрастырған. Маневрлік бекетте бір мезгілде 4 кеме тұрақтай алады. Экипаждың демалуы үшін асхана мен жатын бөлмелер қарастырылған. Әрі әмбебап айлақ теңіз күзетіндегі су көліктерін барлық керек-жарақпен қамтиды. Оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай қоймалары бар. Құрлық мекені маңында орналасатын бекет әскери кемелердің ашық теңізге шығу уақытын үнемдемек. Жүзбелі кеме тұрағы еліміз бойынша алғаш рет Зенит зауытында құрастырылып отыр. Еліміздің теңізбен шектесетін аумағында арнайы су көліктеріне арналған тұрақ болмағандықтан, бұл шекара қызметін жандандыруда таптырмас мүмкіндік. Су көлігі Каспийге жеткенше шамамен 10 күндей жүзетін болады.

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
86 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
132 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
423 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
445 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»