БІР ЕСЕПШІ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛЫП, 25 ТҰЛҒА АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ
Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2020 жылдың 3 айында негізгі бағыттар: республикалық және жергілікті бюджеттер орындалуының ҚР заңнамасына сәйкестігі аудиті; мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы бойынша жұмыстар жүргізді.

2020 жылдың 3 айында департамент 24 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде 49 аудит объектісі бойынша 49 аудиторлық іс-шара жүргізді, бақылаумен қамтылған қаражат сомасы 3 841 388,5 мың теңгені құрады. Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 16 075 854,2 мың теңге сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2 631 754,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 13 444 099,5 мың теңге.
2020 жылдың есепті кезеңінде анықталған сомадан 14 491 765,1 мың теңге қалпына келтірілді, өтелді, есеп бойынша көрсетілді және сәйкестікке келтірілді, оның ішінде: тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен 89,2 мың теңге қалпына келтірілді, бюджет кірісіне 53 396,2 мың теңге өтелді, 2 576 891,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша көрсетілді, 11 861 388,5 мың теңге сәйкестікке келтірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының 1 197 527,1 мың теңгеге бұзушылықтары анықталды. Бақылау іс-шараларының қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 39 ұсыныс енгізілді.
Жол берілген бұзушылықтар үшін тексерілген объектілердің 22 қызметкері тәртіп жазасына тартылды.
Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 645,6 мың теңгеге 2 аудит материалы, оның ішінде 1 аудит материалы бойынша қылмыстық іс қозғалды, материалдар сотқа жолданып, сот үкімімен мекеменің бас есепшісі 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шаралар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес бюджет және өзге де заңнаманы бұзғаны үшін 25 лауазымды тұлғаға 1 330,4 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, толықтай бюджет кірісіне өндірілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу