8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 1712 0
Қоғам

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

12 мамыр күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды. Онлайн-дәріске БҚИТУ проректоры А.И.Абекешев, декан Ж.Ж.Жумаев, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Э.М.Нургалиева және 1,2 және 3 курс студенттері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

Дәріс барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин Департаментпен жүргізіліп жатырған алдын-алу шараларына, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатырған «AntikorLive» жобасына тоқталды.

«AntikorLive» жобасы аясында күн сайын сағат 11.00-де Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері), «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева (сейсенбі күні) және Арнайы мониторингтік тобының басшысы В.С.Колпаков (бейсенбі күні) тікелей эфирде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпараттандырып, әлеуметтік желілері қолданушылардың сұрақтарына жауап беруде.

«Студенттер үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
45 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
142 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
197 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
260 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
292 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»