8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2020 2933 0
Қоғам

«АЛТЫН БЕЛГІ» ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА БОЙЫНША БЕРІЛЕДІ

Батыс Қазақстан облысы бойынша  биыл 371 түлек «Алтын белгіге» үміткерлердің  қатарында. Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне  жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

Мектеп бітірушілері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Сол себепті аттестатқа жылдық қорытынды баға түспек. «Алтын белгі» иегерлері де  жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады.

Айта кетейік, биыл облыста  5039 түлек орта білім беру ұйымын аяқтайды. Ал кешкі және спорттық мектептерді қосқанда 5142 түлекке аттестат табысталады деп күтілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
145 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
387 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»