БАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАЗАРЛАРЫ АШЫЛАДЫ
Барлық азық-түлік базарлары 12 мамырдан бастап ашылады. Тек жұмыс кестесі таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкісағат 16-00-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы бүгін «Өңірдегі карантин талаптарын жеңілдету шаралары» тақырыбында өткен брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев жеткізді.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, базарлардың барлығы санитарлық, дезинфекциялық талаптарды өте қатаң сақтауы керек. Әсіресе, базарға келушілер маскамен, қолғаппен келуі тиіс, саудагерлер де осы ережені сақтауы керек. – Базар әкімшіліктерінен өз аумағында дезинфекциялық ережелерді мүлтіксіз орындау талап етіледі. Адамдардың саны көп болмауы тиіс. Бұл талаптар алдын ала базар әкімшіліктеріне түсіндірілді. Алгоритмдері бар. Егер мониторингтік топ тексерген кезде осы талаптар сақталмаса, базарларды кері жабуға мәжбүр боламыз, – дейді М.Арыспаев.
Сондай-ақ ертеңнен бастап барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысына кіріседі. Санитарлық, дезинфекциялық ережелер сақталып, кезектегі адамдардың ара қашықтығы ескеріледі. Бес адамнан артық қызмет алушы ішке енбеуі тиіс. Әсіресе, қызметкерлер мен қызмет алушылардың маска, қолғап киюі маңызды. Бизнес орталықтарының да жұмысына ертеңнен бастап рұқсат берілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу