8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2020 2515 0
Қоғам

БҮГІННЕН БАСТАП АУДАНАРАЛЫҚ БЛОК-БЕКЕТТЕР АЛЫНАДЫ

       Бүгіннен бастап елімізде төтенше жағдай алынған болатын. Дейтұрғанмен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты облыс көлемінде 25 мамырға дейін карантиндік режим енгізілді. Соған қарамастан, ертеңнен, яғни 12 мамырдан бастап ауданаралық блок-бекеттер алынады.

Бұл туралы бүгін «Өңірдегі карантин талаптарын жеңілдету шаралары» тақырыбында өткен брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

– Қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Көбіне өңірімізге ауруды Ресейден, Атыраудан вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар әкелуде. Карантиндік режим кезінде кейбір мекемелерге санитарлық режимді оңтайландыру үшін талаптарды жеңілдету көзделіп отыр. Ең бірінші облыстың әр бөлігінде блок бекеттер тұрғаны белгілі. Тек қана қала көлеміндегі, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы және шекараға кіре берістегі блок бекеттер жұмысы жалғасады. Ал ауданаралық блок-бекеттер жәймен ертеңнен бастап алынады, – деді өңіріміздің бас санитары.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
72 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
69 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
122 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»