ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ 5 САҒАТТЫҢ ІШІНДЕ АШЫЛДЫ
8 мамырда Орал қ.ПБ- на велосипед ұрланды, велосипед ұрлығы орын алды деген жедел ақпарат тіркелді.

1988 жылғы К. есімді азаматша 6-ықшам ауданы 53-үй подьезінің алдындағы үлкен терекке велосипедін сыммен байлап, кілттеп, бекітіп өзі пәтеріне жүгіріп кіріп кетеді. Сәлден соң есік алдына шыққанда байланған сымы да, велосипеді де жоғын көріп, полицияға телефон шалған. Ұрлық фактісінің ашылуына жауапты жедел уәкілдер оқиға орнына барғанда «тереземнің алдына тросс сыммен мықтап байлап едім, көріп отырамын ғой, ешкім тие қоймас деп ойлағанмын, әп дегенше ұрланып кеткені, 42 мың теңгеге су жаңалай сатып алдым»- деп ағынан жарылады. Көмек сұрап, тауып берулерін өтінеді.
Орал қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл аймақта, үй ауласында да бейнебақылау камералары орнатылмаған, тек тәртіп сақшыларының кәсіби шеберліктеріне сенуге тура келгені рас. Жәбірленушінің сипаттамасы мен велосипедтің түрін ой елегінен өткізген жедел уәкілдер өздері қызмет көрсететін 4 және 6-ықшам аудандарын аяқтай аралап, іздеуге кіріседі. Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері полиция капитаны Асылбек Биғазиев, полиция аға лейтенанттары Мержан Жұмағалиев пен Руслан Нагиев аулаларды, іргелес аймақтарды шарлай жүріп, Қадыр Мырза Әли орталығының алдында велосипед руліне отырып, серуендеп жүрген ересектеу қыз баланы байқайды. Жақынннан бақылағанда, жаңағы жәбірленушінің сипаттамасы мен раманың астындағы нөмірлері сайма-сай келген. Бірнеше қылмысты ашып шыңдалған жедел уәкілдер бойжеткенді тоқтатып, велосипедті қайдан, кімнен алғанын сұрастырып, велосипедтен түсуін сұрайды және мән-жайды түсіндіреді. Алаңның ортасында тұрып, велосипед туралы жәбірленушіге хабарласып, көрсеткенде өзінің мүлкі екенін таныған. Велосипедпен серуендеп жүрген бойжеткен әкесінің бірнеше мыңға сатып әпергенін, бейқам күйде қыдырып жүргенін мәлімдеген. Жедел уәкілдер бұл велосипедтің ұрланғанын, өз иесі барын, иесінің полицияға арыз жазғанын айтып түсіндіреді.
Осылайша, велосипед арыз жазған иесіне қайтарылды. Велосипед иесі, 1988 жылғы, Орал қаласының тұрғыны К. есімді азаматшаның А.Биғазиевке, М.Жұмағалиевке, Р.Нагиевке алғысы шексіз. Ал велосипедті ұрлап, бейтаныс адамға сатқан күдікті туралы мәліметтер КПб жедел уәкілдерінің қолында бар. Таяуда құрықталады.
Жыл басынан бері аталған жедел уәкілдердің өз аймақтарында 10 велосипед ұрлығы тіркелген. Көп қылмыстың ізін суытпай ашып жүрген жедел уәкілдердің шеберліктері, жіті қимылдары, шыңдалғандықтары нәтижесінде 9-ы ашылды.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу