БҚО-ДА 17 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
www.coronavirus2020.kz 28 адам коронавирус індетінен емделіп шыққанын хабарлады. Олардың басым бөлігі – батысқазақстандық.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, бүгінг Нұр-Сұлтан қаласынан – 1, Шымкент қаласынан – 9,
Ақмола облысынан – 1, Батыс Қазақстан облысынан – 17 адам індеттен емделіп шыққан.
Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 1084-ке жетті.
Нақтырақ айтар болсақ, Нұр-Сұлтан қаласынан – 270, Алматы қаласынан – 175, Шымкент қаласынан – 49, Ақмола облысынан – 76, Ақтөбе облысынан – 16, Алматы облысынан – 28, Атырау облысынан – 72, Шығыс Қазақстан облысынан – 8, Жамбыл облысынан – 48, Батыс Қазақстан облысынан – 31, Қарағанды облысынан – 73, Қостанай облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 139, Маңғыстау облысынан – 9, Павлодар облысынан – 11, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 49 науқас сауығып шықты.
Версия для печати
Пікір үстеу