500 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ГИГИЕНАЛЫҚ ЗАТТАР ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласында «Birgemiz» акциясы аясында 500 отбасыға азық-түлік және гигиеналық заттар тегін таратылды.
Батыс Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Biz birgemiz» акциясы жалғасуда. Бұл акцияның мақсаты – күрделі кезеңде қала халқының әлеуметтік осал топтарына қолдау қол ұшын созу. Осы акция аясында облысымыздың кәсіпкерлері, меценаттары, депутатық фракция мүшелері және партия белсенділері қайырымдылық жасап, мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуде.

– Мұндай қиын сәтте жеке жауапкершіліктен бөлек мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығы аса маңызды. Төтенше жағдай кезінде мемлекет пен «Birgemiz» қоры мұқтаж отбасыларға қарқынды көмек көрсетіп келеді. Осындай үлкен істердің атқарылуына еріктілердің де еңбегі зор. Олар күн сайын антисептик, азық-түлік және бетперде таратуда, – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филилы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев.
Ауқымды қайырымдылық акция ағымдағы жылдың 20 наурызында бастау алған болатын. Бүгінгі таңда облыс бойынша 4234 отбасы қамтылды. Карантин мерзімі біткенше ұйымдастырушылар өтініш білдірген тағы 500 отбасын қамтуды жоспарлап отыр. Осылайша БҚО-да 5000-нан астам отбасына азық-түлік себеті үлестіріледі.
Айта кету керек, бүгінде акцияға журналистер, белгілі блогерлер, сондай-ақ облыс спортшылары мен әртістері атсалысуда.
– Мен қайырымдылықпен айналысып, мұқтаж адамдарға көмектескім келеді. Бүгін осындай мүмкіндік туды, босқа үйде жатпай карантин кезінде халыққа көмектесіп, көпбалалы аналарға, мүгедектерге көмектесуге өзімнің ниетіммен келдім, – дейді волонтер Саламат Сәрсенбай.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Bir birgemiz» қайырымдылық акциясы – әркімнің жақсы іс жасай алатынының жарқын мысалы. Ел үшін қиын кезеңде жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық та маңызды.

Зәуреш ЖУСУБАЛИЕВА, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының баспасөз хатшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу