ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
Төртінші оқу тоқсаны аяқталуға тәмам. Осы орайда бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова оқу жылын аяқтау жұмыстары туралы баяндады.

Оқу жылын аяқтауға қатысты нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілді. Төртінші тоқсан мен 2019-2020 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру мақсатында мамыр айында барлық сыныптарда бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмек.
Білім басқармасының басшысы Айымгүл Мақсаотқызы түсіндіріп өткендей, 1-10 сыныптарда аптасына 2 немесе одан да көп сағаттан тұратын оқу пәндерінен бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) орындалады. 10 сыныптарда аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша бір бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі. 11 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшпегендіктен, дәстүрлі бақылау жұмыстары өткізіледі. Осыған байланысты жиынтық бағалауды жүзеге асыру мерзімі белгіленген.
Яңни, 4 мамырдан 11 мамырға дейін жүктемесіекі немесе одан да көп сағатты құрайтын пәндер бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізіледі. «Өзін-өзі тану», «Көркемөнер», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және дизайн», «Қоғам және дін» пәндері бойынша суммативті бағалау жүргізілмейді. 11 мамырдан 15 мамырға дейін 1-10 сынып оқушыларына, аптасына бір сағат жүктемесі бар пәндер бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өтеді. 18 мамырдан 22 мамырға дейін 11 сыныптың барлық бақылау жұмыстары және екі немесе одан да көп сағаттан тұратын пәндер бойынша бір тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі.
– Бөлім бойынша жиынтық бағалауды жүргізу 10-20 минуттан аспауы тиіс, тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың ұзақтығы – 40 минутты құрайды. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау қашықтықтан жүзеге асырылады. Тапсырмаларды мұғалімдер өздері құрайды. Сондай-ақ күніне 3-тен артық жиынтық бағалауды өткізуге жол берілмейді. 9 және 11 сынып түлектері қорытынды емтихандар тапсырмайды. Қорытынды баға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бұйрығына сәйкес жылдық бағаның нәтижесі бойынша белгіленеді, – деді Айымгүл Мақсотқызы.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу