ӨЗГЕНІҢ МҮЛКІН ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Сәуір айында тіркелген ұрлық қылмыстарының барлығы дерлік тәртіп сақшыларының кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ашылды.

6 сәуірде шамамен сағат 17.00-де 13 учаскелік полиция пункітіне М. есімді азамат телефон шалып, «Ваз 2112» маркалы көлігінен жеке мүліктерінің ұрланғанын хабарлап айтқан. Оқиға орнына барған сол аймақтың учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Талғат Өтешов күдікті деп танылған қала тұрғынын құрықтады. Орал қ.ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақырылып, күдіктіні полиция қызметкерлері басқармаға жеткізді.
13 сәуірде бір азаматша тәртіп сақшыларына хабарласып, 12 сәуірде ұрлық болғанын айтып, күдікті тұлға туралы да мәлімет берген. Көп кешікпей Захаров көшесіндегі 27-үйде орналасқан «Мария» дүкеніне кірген Л.есімді азаматшаның шкафта тұрған «Айфон» маркалы ұялы телефонының қуаттағышын ұрлап кеткені анықталды. Шағымданушыға 10 000 теңге шығын келген еді. 2001 жылғы азаматша ұсталып, арыз бойынша жұмыстану үшін оның қылмыстық әрекеті туралы мәліметтер анықтау бөліміне тапсырылды.
14 сәуірде 1989 жылғы Е. есімді азаматша учаскелік полиция инспекторына шұғыл хабарласып, 1957 жылғы В. есімді азаматтың шкафына қол салып, шкафта тұрған 5 000 теңгені ұрлап кеткенін айтқан. Күдікті ақшаны ұрлап, үйден шығып кеткен. Мекенжайға барған полиция капитаны Алмасбек Ғайсиннің қолына түскен күдікті ақшаны ұрлағанын мойындады.
14 сәуірде Орал қ.ПБ ЖПҚб УПИ-ның көмекшісі полиция лейтенанты Айдар Дусалиев түнгі патрульдеу кезінде сағат 01.10 шамасында «Орал-Желаев» трассасы мен «Қызылжар» көшелерінің қиылысында бір көлікті тоқтатады. 1986 жылғы, Орал қаласының тұрғыны М. есімді көлік жүргізушісінің масаң күйде рөлде жүргені анықталды. Сот- медициналық сараптаманың қорытындысында алкоголь ішімдігін ішкені расталды. Көлік арнайы автотұраққа қойылып, жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
17 сәуірде 15 УПП-нің инспекторларына қоғамдық көмекшінің жәрдемдесуі нәтижесінде бір ұрлық фактісі жарты сағат ішінде ашылды. 1997 жылғы А. есімді азамат хабарласып, белгісіз тұлғаның сеніміне кіру арқылы 4 дана сыра бөшкелерін алып кеткенін, кері қайтармай, 100 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін айтқан. Осы мезетте полиция майоры А Мұхамедияров істі дереу қолға алды. Ал полиция қызметкерлеріне қол ұшын созған полицияның қоғамдық көмекшісі алаяқтықпен алдап, ізін жасырған бейтаныс тұлға туралы мәліметтер жеткізді. Нәтижесінде 1981 жылғы П. есімді күдікті ұсталды. Ол өзгенің сеніміне кіріп, сыра бөшкелерін алдап алғанын мойындап, алаяқтығы әшкереленді. Алдағы күндері осы қылмыстарға қатысы бар күдіктілер заң алдында жауапталады.
Сондай-ақ осы айда ақпан айында жасалған қылмыс ашылды. 26 ақпанда «Астана» ықшам ауданындағы «Алтындар» сауда үйінде ұрлық фактісі орын алған еді. Алайда, ұрлыққа жол берген азаматша «әп» дегенде қолға түспеді. Күдіктінің соңына түскен Орал қ.ПБ ЖПҚб инспекторы полиция майоры Альберт Ералы 6 сәуір күні 1998 жылғы, «Зачаганск» ауданының тұрғыны Д.есімді азаматшаны ұстап, басқармаға жеткізді. Ол ұрлық жасағанын толықтай мойындады.
Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көше қылмыстарына тосқауыл қою, жол-көлік апаттарының алдын алу, түнгі қаланың тыныштығын күзету, т.б. іс-шараларды мінсіз атқарып, қызмет сапынан табыла бермек.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу