8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2020 1774 0
Өзек

ЗЕРГЕРЛІК КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ ТЕРГЕЛУДЕ

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті алданған азаматтың шағымы бойынша  «B2B Jewelry» зергерлік салоны басшысына қатысты қылмыстық тергеу жүргізуде. 

Зергерлік  салон басшысы қаржы пирамидасын құрып, оған азаматтарды тартты деп айыпталуда. Ол whatsApp, instagram әлеуметтік  желілері арқылы бұйымдар «сертификаты» үшін қаржы  құйып, жылына 364  пайызға дейін пайда көруге болатынына сендірген.

Осындай ақпаратқа  сенген азамат «B2B Jewelry» зергерлік салонында 45 000 теңгеге зергерлік бұйымдарға сертификаттар сатып алған. Компания оған әр аптада сертификат құнының 7% көлемінде сыйақы, сондай-ақ алдағы уақытта жылына 364% деңгейдегі табысқа жетуге уәде берген.
Алайда, зергерлік салон басшылығы ақша қаражатын салу шартын орындамай, алдау жолымен оның ақшасын иеленіп алды.
Атап өтетін жайт, салон қызметкерлері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақысы 15 000 теңгеден басталатын «сертификаттарға» ақша салымын жасауды сылтауратып, қаржы пирамидасының жаңа қатысушыларын тартып отырған.

Қаржы мониторингі комитеті ҚР ҚК 217-бабына сәйкес қаржы (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салады (мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады).

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «B2B Jewelry» зергерлік салонының осындай қызметінен зардап шеккен азаматтар болса, Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.

Сенім телефоны: +7(7112)53-84-27

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
86 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
132 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
170 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
423 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
445 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»