8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2020 1304 0
Өзек

КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ҚАШАН БӘСЕҢДЕУІ МҮМКІН?

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус таралу жағдайының қашан бәсеңдейтіні туралы болжамын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез келген инфекцияның шарықтау шегі барын айтып келеміз. Денсаулық сақтау министрлігінің, Үкіметтің дұрыс әрекетіне қарай ол бәсеңдейді. Жалпы көп елде аурудың таралып, бәсеңдеу уақыты үш айды алып отыр. Алайда әлемдегі бір де бір ел әлі де нөлдік деңгейге жеткен жоқ. ҚХР-да жаңадан жұқтырғандардың мүлде тіркелмеген оқиғасы болған. Алайда, инфекция қазір әлемнен ешқайда ұшып кеткен жоқ. Айналып жүр. Әзірге жоғалар түрі байқалмайды», – деді Елжан Біртанов Тенгриньюс Instagram парақшасының тікелей эфирінде.

Осы себепті министр коронавирус бәсеңдеген күннің өзінде белгілі бір уақыт ішінде ауруды жұқтыру жағдайы болатынын айтады.

«Сондықтан аурудың өсімін, шарықтау шегі мен бәсеңдеу уақытын үш ай бойы бақылауда ұстаймыз. Алайда мамырдан кейін бәрі орнына келе қалады деп тағы айта алмаймыз. Әлбетте инфекцияның белгілі бір мөлшерде тіркелетіні туралы болжам бар. Біздің міндет – осы жағдайда өмір сүруге үйрену. Себебі инфекция жұқпалы. Халықтың жекелеген санаты үшін ол айқын қауіп туғызуы мүмкін», – деді ол.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»