БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 14 174 ОТБАСЫҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АУДАРЫЛАДЫ
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау, соның ішінде аса мұқтаж жандардың игілігін қанағаттандыру мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Қорға еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, ірі компания басшылары қаржы аударды. Соның ішінде жерлесіміз, өңіріміздегі белді кәсіпорын иесі, парияның белсенді мүшесі Михно Валентина Павловна да бар.

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары М.Мұқаевтың мәлімдеуінше, «Birgemiz» қоры арқылы Қазақстандағы ең ірі 23 қаладағы аса мұқтаж 150 мыңнан астам адам көмекпен қамтылуда. Көмекке мұқтаж жандардың тізімі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасы негізінде жергілікті мемлекеттік органдардың арнайы бөлімдері арқылы жасақталды. Қоғамдық қор негізінде құрылған қамқоршылар кеңесі де аталмыш санаттар бойынша тізімдердің дұрыс жасақталуына қадағалау жасайды.
– Бірінші кезенде Еңбек министрлігінде аймақтардағы мемлекеттік органдардың ұсынған мәліметтеріне сәйкес, аз қамтылған көпбалалы отбасылар-332, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар-1365, жетім балалар-86, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңістірілгендер, тыл еңбеккерлері -788 адамды қамтыған алты санат бойынша жасақталған 5 440 мұқтаж азаматтарға «Birgemiz-Oral» қоғамдық қорынан 50 000 теңге қаражат аударылды. Екінші кезеңде осы санаттар бойынша 8 734 адам қамтылады деп жоспарлануда, – деді Мұрат Рахметұлы.
Бұл игі бастама республика бойынша халықтың денсаулығына үлкен сақтықпен қарап, ешбір мұқтаж жанды үйінен шығармас үшін электронды түрде жүзеге асып жатыр. Банк басшылары да жанашырлық танытып, тұрғындардың есепшоттарын, банк карточкаларын электронды түрде реттеуге көмек көрсетуде.
Тұрғындар қиын кезеңде көмек қолын созған Елбасыға, «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорға ризашылықтарын білдіруде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу