«ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ»
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік желдегі парақшасында жазба қалдырып, оралдықтарды облыс орталығында коронавирус індетінің өршуіне байланысты қабылданған шектеу шараларына түсіністік танытып, белгіленген тәртіпті сақтауға шақырды.

Қадірлі оралдықтар!
Қазіргі уақытта қаламызда коронавирус індетінің өршуіне байланысты облыстық жедел штаб тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды шешімдер қабылдады.
Қабылданған шешімге сәйкес, 16-24 сәуір аралығында қызмет көрсетуші кәсіпорындар мен ұйымдардың, азық-түліктік емес тауарларды жеткізушілер, көптеген мекеменің қызметі, сонымен қатар барлық қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтатылуда. 18 сәуірден бастап азық-түлік базарлары жабылады. Шаһардағы азық-түлік супермаркеттері мен аптекалар бекітілген кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қала тіршілігі үшін аса маңызды нысандар, атап айтқанда, денсаулық сақтау мекемелері, қалалық инфрақұрылым мен коммуналдық қызмет, ресми такси, жүк тасымалы қызметі, мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істейтін құрылыс жобалары қызметі жалғаса береді.
Банктер жеке тұлғалар үшін әлеуметтік және зейнетақы төлемдері операцияларын бойынша қызметтерін көрсете береді.
Бұл шаралар – қолайсыздық туғызғанымен, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін аса қажет. Бәріміздің ортақ міндетіміз – өзімізді және жақындарымызды қатаң тәртіп пен қарапайым сақтық қағидаларын ұстану арқылы қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Барлығымыз коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын бірлесе іске асыру арқылы бетпе-бет келген қиындықтарды еңсереміз.
Қиындықтың бәрі өткінші. Тек осындай қиын кезде сабыр мен төзімді жанымызға жалау, көңілге медеу тұтып, әрбіріміз қастерлі байлық – денсаулық пен амандық үшін қабылданып жатқан шараларды қолдауымыз керек. Тәртіп пен қағидаларды сіз бен біз болып бірге сақтай отырсақ, тез арада жайма-шуақ қалыпты өмірге ораларымызға сендіргім келеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу