8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2020 1291 0
Өзек

БҚО-ДА БЕС АДАМНЫҢ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНЫ ТІРКЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам анықталды.

Барлығы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.
Бірінші жағдайда, науқас Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын коронавирустық инфекция анықталған азаматпен бірге келген.
Екінші азамат коронавирусқа шалдыққан науқаспен байланыста болған адам ретінде тіркелді.
Соңғы 3 жағдай бойынша анықталған науқастар – Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.
РФ шекарадағы «Тасқала» бекетінде СКП қызметкерлерімен сауалнама толтырылып, байланыссыз термометриямен тексеру кезінде екеуінде дене қызуының көтерілуі байқалған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін жедел жәрдем көлігі шақыртылып, карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 5 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі уақытта науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

16 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 25 адамға жетті.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»