АЗЫҚ-ТҮЛІК БАЗАРЛАРЫ БІР АПТАҒА ЖАБЫЛАДЫ
Сәуірдің 18-інен бастап көтерме саудамен айналысатын азық-түлік базарлары бір аптаға жабылады. Ал шағын азық-түлік дүкендері жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан қала тұрғындары көшеге жиі шықпау үшін төрт-бес күндік азық қорларын жинақтап алғаны жөн. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев осындай мәлімдеме жасады. Бұл коронавирус жұқпасының аймақта таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шара.

Облыс әкімдігі жанындағы жедел штабтың шешімімен қабылданған бірқатар шараларға тоқталған Мұхтар Наурызбайұлы басты мақсат – халықтың жүріс-тұрысын шектеу екенін мәлімдеді. Ал екінші деңгейлі банктердің жұмыс кестесіне ғана өзгеріс енгізіледі. Банктер 17 сәуірден бастап уақытша сағат 09.00-16.00 аралығында халыққа қызмет көрсетеді. Демек, банктер арқылы көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тоқтайды деп қорқудың қажеті жоқ. Тек қана жеке тұлғаларға несие беру қызметі уақытша бір аптаға шектеледі.
– Өкінішке орай, еліміз бойынша жұқпалы індетке байланысты жаңа жағдайлар көптеп тіркелуде. Банкке не базарға барамын деген желеумен азаматтардың себепсіз көшеде жүруі көбеюде. Сондықтан осындай қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз, – деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары. Сондай-ақ брифингте төтенше жағдай кезінде шектеу шараларына тоқталған Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков тұрғындарды карантин кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында сауда орталықтары, заңды тіркелген такси тасымалы өз жұмысын әдеттегідей жалғастыратынын жеткізді. – Ең бастысы, жұмысын тоқтатқан мекемелер мен ғимараттардың күзет қызметтерін ұйымдастыруға рұқсат беріледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар карантин кезіндегі ережелерді сақтауы тиіс. Жұмысын уақытша тоқтататын мекемелерге арнайы хабарламалар жолданады, – деген қала басшысы осы кезеңде, 16-24 сәуір аралығында қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтайтынын қаперге салды. Осыған орай жұмыс жасайтын мекемелер барлық талаптарды сақтай отырып, өз қызметкерлерінің жұмысқа барып-келуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынбақ. Stopcovid.kz сайтына тіркелу де жалғаса бермек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу