STOPCOVID.KZ АРҚЫЛЫ 7 МЫҢНАН АСА МЕКЕМЕДЕН СҰРАНЫС ТҮСТІ
Оралда Stopcovid.kz сайты арқылы бес күн ішінде 7338 ұйым карантин кезінде жұмыстарын жалғастыруға өтініш білдірген.

31 наурыздан бастап облыс аумағында күшейтілген карантиндік режим енгізілді. БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігренің қаулысына сай тұрғындардың тіршілігі үшін аса маңызды салаларға ғана қызметтерін жалғастыруға рұқсат берілді. Дегенмен, ол ұйым-мекеме басшылары қызметкерлеріне рұқсат қағаздарын беруі тиіс болған. Қағаз жүзіндегі рұқсат құжаттарныыу мерзімі 10 сәуірде аяқталды. Осы орайда Батыс Қазақстан облысы жедел штабының шешімімен тұрғындарымызға толық ақпарат беретін, карантин кезінде орындалуы тиіс тәртіп пен нұқсаулықтар, тұрғындарымыз ең қажетті функцияларды жүзеге асыратын www.stopcovid.kz веб-сайты іске қосылды. Бұл бірыңғай жүйелі электронды база арқылы қызмет аясы шектелген кәсіпорындардың өтініштері тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсат ала алады және қажетті мәліметтер базасы блок-бекеттерге беріледі.
– Бұл сайтты іске қосу арқылы біз көптеген кәсіпорындардың өз таныстары мен туыстарына анықтама алып беру сияқты заңсыздықтардың жолына тосқауыл қоя алдық. Қазіргі таңда Stopcovid.kz сайтына 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 7 338 ұйым мен кәсіпорыннан сұраныс келіп түсті. Солардың ішінде 1 732 өтініш мақұлданды, 3 647 өтініш қарастырылып жатыр. 1 959 өтініштен бас тартылды. Бұл өтініштер салалық басқармалар арқылы жіті зерделеніп қорытындылар берілуде, – деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу