8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Сәуір 2020 1284 0
Қоғам

БАС ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕСШІ 133 АЗАМАТҚА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО бойынша департаментімен «ADAL KÓMEK» жобасын онлайн режимінде жүзеге асыру жалғасуда.

2020 жылдың 11 сәуірінде «Instagram» әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы тұрғындарға тегін кеңесті БҚО Заңгерлер кеңесі палатасының төрағасы Р.Ж.Телеупов «Әлеуметтік құқықтық көмек көрсету кешені» тақырыбында берді.

Тікелей эфир барысында Р.Ж.Телеупов әлеуметтік желі қолданушылардың барлық сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Құрметті достар, COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты «ADAL KÓMEK» жобасы әр аптаның сенбі күні сағат 10-00-ден бастап әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимде жүргізіледі.

Аталған жоба Агенттікпен «Ізгілік елшісі» жобасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатырғандығын естеріңізге саламыз және еліміздегі «Волонтерлер жылы» аясында құқық саласындағы белгілі заңгерлер мен мамандардың ерікті негізде аталған жобаға қатысуларына бағытталған.

Мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»