8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2020 1948 0
Қоғам

ҚОЛӨНЕРДІ ХОББИІНЕ АЙНАЛДЫРҒАН

          Он саусағынан бал тамған Венера Есенова қолөнердің хас шебері. Түрлі матадан тігін тігу, тоқыма тоқу оның сүйікті ісі. Үй тұмарларын, оюлы ламбрекендер,  түрлі  сабаққа қажетті дидактикалық ойындар, мектеп пен балабақшаларды безендіру, сан түрлі әшекейлер дейсіз бе, бәрін қаршадай кезінен қолға алған жанның еңбекқорлығына таңқалмасқа лажың жоқ. Қала берді ол өз үйінің балконын сән салонына айналдырып, нәзік жандардың қабағын, кірпігін сәндеп, шугаринг те жасайды.

Кейіпкеріміздің мамандығы – бастауыш сынып мұғалімі. Бүгінде қаладағы №50 орта мектептің мектепалды даярлық тобында сабақ береді. Алайда, ине мен жіпті, қарындаш пен қағазды Венера жанына бала кезінен серік еткен. Анасынан үйренген өнері қазір көпшіліктің таңдайын қақтырады. Ол қол қусырып қарап отырғанды ұната бермейді, қалт етсе қолөнеріне қарай ұмтылады. Уақытпен санаспастан, күні-түні тапжылмай отырып, он саусағы майысқан шебердің келістіріп тіккен тұмарлары мен үйді безендіретін  бұйымдары көпшіліктің сұранысына ие.  Әсіресе, ұзатылатын қыздарға арналған сырға салу қобдишасы тіптен көз алғысыз. Қолдан жасалған дүниелер қай заманда да сәннен қалған емес. Олар жоғары бағаланады. Ал шеберлер үшін одан асқан бақыт жоқ.

Әр бұйымды жасамас бұрын қиялына ерік беретін ісмер Бөкейорда ауданындағы  Мұратсай ауылының тумасы. Отбасындағы төрт перзенттің тұңғышы. Небары алты айлығында асқар таудай әкесінен қапыда көз жазып, өмір бойы әке мейірімін аңсап өскен Венера балалық шағы өте қиындықпен өткенін жасырмайды.

 

Толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің  2020 жыл 9 сәуір күнгі №13 санынан оқи аласыздар.  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
62 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»