8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2020 1131 0
Қоғам

ДЕПАРТАМЕНТТЕГІ «ONLINE-NAURYZ»

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі департамент ұжымының басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. Онлайн режимде өткен іс-шараға департаменттің барлық бөлінісі белсене қатысып, бір-біріне ыстық лебіздерін жеткізді. Өз кезегінде Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Н.Рамазанов  ұжымды ұлық мейрам Наурызбен құттықтады.  Өткен жылғы департамент ұжымының қол жеткізген жоғары көрсеткіштерін атап өтіп, жаңа жылда да еңсерілер елеулі істердің көп болуына тілегін білдірді.

 

Жалпы  Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар ұжымы игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, қайырымдылыққа шақыратын  мәні зор халықаралық деңгейдегі бұл мейрамды  жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырып, мерекенің маңыздылығын  арттырып келеді. Департамент басшылығының да ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесіне  қолдауы ерекше.

Ұлттық дәмге толы дастархан, жас пен кәрінің ажарын ашатын ұлттық киімдеріміз, сән мен салтанаты жарасқан ұлттық бұйымдарымыз мұнда да өз нақышын тапты, алайда  қазіргі уақытта әлемді дүрліктірген жұқпалы коронавирус дертіне қарсы шаралардың ауыртпалығын жұмыла көтерісуге әрдайым дайын ұйымшыл ұжым биылғы Ұлыстың ұлы күнін осылай тойлады. Департамент ұжымы ел іргесі аман боп, жұртымыз жұқпалы дертті жеңіп шықса,  тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурызды мерейі тасыған ұлы мереке етіп атап өтетін күн де оралар деген сеніммен заманауи онлайн форматта өткен мерекелік шараға өздерінің үлкен ризашылықтарын білдірді.

 Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
84 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
130 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
168 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
422 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
444 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»