КОРОНАВИРУС ҚАУПІ. ШЕКАРАДА САНИТАРЛЫҚ-КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Шекаралық бекеттерде орналастырылған санитарлық-карантиндік бақылау бекеттері арқылы көршілес елден БҚО аумағына өткен 700-ге жуық азамат тексеріліп, орналасқан мекенжайлары бойынша бақылауға алынды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары «Орал» әуежайында халықаралық және ішкі әуе рейстерімен келген азаматтарды санитарлық-карантиндік бақылаудан өткізу шараларын күшейтті. Ұшақтан түскен азаматтар сауалнама толтырады және олардың дене қызуы тексеріледі. Одан соң қауіпсіздік шараларын сақтау туралы жадынама беріледі.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен арадағы бес шекаралық автокөліктік өткізу бекетінде тәулік бойы санитарлық-карантиндік бақылау жүргізілуде. Бұл жұмыстарды департаменттің 17 маманы атқаруда. Мамандар байланыссыз дене қызуын өлшеуге арналған тепловизормен, жеке қорғану құралдарымен және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген. Барлық бекетте коронавирус инфекциясына күдіктілерге аналған оқшалау бөлмесі ұйымдастырылған.
17 наурыздан бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясынан шекара арқылы Қазақстанға 679 азамат өткен. Барлығы тұрғылықты мекенжайлары бойынша медициналық бақылауға алынған. Сондай-ақ 21 наурыздан бастап Ақтөбе мен Атырау облыстарымен шекарада санитарлық бақылау пункті қойылып отыр. Бұл жерде де полиция қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиология қызметі азаматтарға сауалнама жүргізуде.
– Елімізде, дәлірек айтқанда облысымызда короновирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында барлық мүмкіндіктер жасалуда. Мамандарымыз әуежайда, вокзалда, санитарлық-өткізу бекеттерінде тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Дегенмен, сақтық шараларына азаматтар ден қойса игі. Қарапайым алдын алу шараларын ұстану керек. Мысалы, қол мен бетті жиі және мұқият сабындап жуу, қолға арналған спиртті антисептиктерді пайдалану, науқас адамдармен тікелей байланыста болмау керек. Дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелу, жөтел, тамақтың ауруы сынды салқын тиюден болатын аурулардың белгілері байқалғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз елдерде болған азаматтар жақындарын қорғау үшін анкетаға бұл мәліметті көрсетуі керек, – деп түсіндірді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу