8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2020 2325 0
Қоғам

«ҒАЛАМТОР ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ ТӨМЕНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАУЫ МҮМКІН»

6 сәуірден бастап мектеп оқушылары қашықтықтан оқуға көшірілмек. Бұл туралы бұған дейін Білім және ғылым министрлігі хабарлаған болатын. БҚО-да үй жағдайында оқытудың дайындық шаралары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.  

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқыту бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» сияқты  ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және жоғары оқу орындарының проректорлары енген.  Қазір оқушыларға тапсырмаларды беру, олардың орындалуын тексеру, бағалау және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу қарастырылуда. Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе видеостриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу да көзделген. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігімен оқушылар мен мұғалімдер үшін  пайдаланылатын білім ресурстары ұсынылуда. Бұл ресурстар тегін. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысына сәйкес «Балапан» (қазақ тілінде) және «Еларна» (орыс тілінде) телеарналарынан сабақтар көрсетіледі.

– Қашықтықтан өткізілетін сабақ-әдеттегідей 40 минут өткізілетін сабақ емес. Оның әдіс тәсілдері бар. Осындай сын сәтте бұл мәселелерге ата-аналар түсіністікпен қарап, балаларға жаңа форматта оқу материалдарын игеруге көмектесулерін сұраймыз, – деді БҚО білім асқармасының басшысы Айымгүл Тржанова.

Қазіргі таңда аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінен түскен ақпаратқа сәйкес оқушылардың, педагогтердің  үй жағдайында ғаламторға қосылу мүмкіндігі болғанымен, жылдамдықтың төмендігіне байланысты сабақ жүргізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Аталмыш мәселелерді облыс деңгейінде шешу жолдары қарастырылуда.

2020 жылдың 6 сәуірінде 4 тоқсан басталады. Сол кезеңге дейін дайындық жұмыстары жүргізіліп, педагогтер мен оқушыларға цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік көмектер беріледі.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»