8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2020 1788 0
Қалалықтар қаперіне

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН ОРАЛДЫҚ МЕЙРАМХАНА ИЕСІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

БҚО прокуратурасы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Төтенше жағдай кезінде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық жасау, әкімшілік жауаптылық пен қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Бір сәтте келушілер санын 50 адамнан асырып жұмыс істеуге белгіленген тыйым болуына қарамастан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, 22 наурызда Оралдағы бір мейрамхана иесі көпшілікке арналған іс-шара өткізді.

Мейрамхана иесіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 476-бабының 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік сот мейрамхана иесін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа жіберді.

Жалпы а.ж. 25 наурыздағы жағдайы бойынша БҚО-да төтенше жағдай режимін бұзудың 14 фактісі орын алды, ол үшін 8 тұлғаға қатысты соттармен (2-ден 13 тәулікке дейінгі) әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды.

Оған қоса, коронавирусқа байланысты көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 1 тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардан қабылданған шараларды түсініп, денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Полицияның мұндай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 күнге дейін қамаққа алу).

Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзған үшін (ӘҚБК 425-бап) қызметін тоқтата тұрып 2000 АЕК дейін, ал бақылаушы органдардың актілері мен талаптарын орындамаған үшін (ӘҚБК 462-бап) қызметін тоқтата тұрып 500 АЕК дейін әкімшілік айыппұлға әкеп соғады.

Сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз.

Ағымдағы жағдай туралы шынайы ақпарат www.coronavirus2020.kz. ресми Интернет-ресурсында жарияланған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
72 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
437 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»