8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Наурыз 2020 1857 0
Қалалықтар қаперіне

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. ҮКІМЕТ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН АЛМАЙДЫ

Бизнесмендер онлайн меммүлік порталы арқылы жалдау ақысын алуды тоқтата тұру туралы өтініштерін бере алады. Ешқайда барудың қажеті жоқ.​ ​ ​

Республикалық және коммуналдық меншік алаңдарын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы 90 күн ішінде алынбайды. Бұл үшін бизнес қосымша келісім жасауы керек.  Ол үшін ЭЦҚ көмегімен www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қол қоюы жеткілікті.

23 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ төтенше жағдай бойынша мемкомиссияның отырысы кезінде 20 наурыздан бастап шағын және орта бизнесті жалдау ақысынан босатуды тапсырды. Тапсырма үкіметке, жергілікті жерлерде атқарушы органдарға, яғни әкімдіктер мен квазимемлекеттік компанияларға жіберілді. Бұл Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезінде бизнесті қолдау шараларының бірі деп атауға болады.​

Бүгінгі күні елімізде мемтізілім порталының әзірлеушісі және ұстаушысы болып табылатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (АЕО) деректері бойынша барлығы қолданыста 8 154 жалға беру шарттары тізімде. Олар бойынша ай сайынғы жалпы ақысы 432 млн. теңгеге жуық құрайды. Яғни, бизнес үш айда шамамен 1,3 млрд. теңгені төлеуден босатылады.

АЕО-ы өтінішті қалыптастырған соң, оған ЭЦҚ көмегімен қол қоюы үш күндік мерзімнен аспауы екендігін ескертеді, әйтпесе қосымша келісім жойылады және жалға алушының өтінішті қайтадан беруі талап етіледі. Жалдау ақысын тоқтату туралы электрондық өтініштерді қабылдау осы апта ішінде басталады. Бұл үшін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары өзгерістерді www.gosreestr.kz порталдың функционалына енгізіп жатыр.

 

​

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»