8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Наурыз 2020 2010 0
Өзек

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ

 Коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында еліміз бойынша енгізілген төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін бірнеше батысқазақстандық құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше,  Жаңақала аудандық сотында азамат Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған. Іс материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айының 21-і күні сағат 16.30 шамасында анықталғандай Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында орналасқан жеке кәсіпкер Т.-ның мейрамханасында келушілердің саны 50-ден астам адамның қатысуымен шара ұйымдастырылған.  Осылайша,  ол төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мемлекет орган белгілеген режимді бұзған.
Сот отырысы барысында жауапқа тартылушы Т. кінәсін мойындады және аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі басқа да іс құжаттарымен дәлелін тапты.
Сот қаулысымен мейрамхана иесі Т. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жалпы,  бүгінше дейін Батыс Қазақстан облысы соттары арқылы 11 тұлға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Соның ішінде 8 тұлғаға қамаққа алу жазасы белгіленді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»