8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2020 1182 0
Қалалықтар қаперіне

КАРАНТИН: ХАЛЫҚТЫ МАЗАЛАҒАН САУАЛДАР

Коронавирустың таралуына қарсы елімізде төтенше жағдай жарияланды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, денсаулығын қорғауға байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында  карантин режімі енгізілді.  Осыған орай  оқырмандарды сансыз сауал  мазалайтыны белгілі. Ел-жұрт тарапынан  жиі қойылатын, Әділет министрлігінің Құқықтық-ақпараттық орталығына келіп түскен сұрақтарға құзырлы органдардың мамандарынан egemen.kz төмендегіше жауап алды. 

– Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап карантин режімі енгізілді. Мұндай режімді бұзғаны үшін бүгінгі таңда заңнамада қандай жауапкершілік көзделген?

–  Карантинді енгізу – халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара. Карантин режімін қамтамасыз ету және белгіленген шаралар мен шектеулерді сақтау мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте төтенше жағдайдың жариялануына байланысты режімді бұзғаны немесе мемлекеттік органдардың талаптарын орындамағаны, сондай-ақ жергілікті коменданттың заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.

Мұндай әрекеттер ескерту жасауға немесе 10 АЕК көлемінде (26 510 теңге) айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

– Адамдар коронавирус ауруын жасырған жағдайда қандай жауапкершілік жүктеледі?

–  Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындардың жұқтыру көзін және басқа адамдардың осы ауруларды жұқтыру қаупін туғызатын олармен байланыста болған адамдарды жасырғаны үшін де 5 АЕК (13 255 теңге) көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

– Төтенше жағдай кезінде елде бірқатар шектеу енгізілді. Атап айтқанда, отбасылық мерейтой, үйлену тойларын өткізуге тыйым салынды. Мұндай шектеулерді бұзған жағдайда қандай жауапкершілік туындайды?

– Ойын-сауық, той өткізгендердің соңы ескерту жасауға немесе 10 АЕК   (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Бұл қалаға кіріп-шығудың ерекше режімін бұзу жағдайларына да қатысты.

– Қашықтан жұмыс істеу кезінде еңбек төлемі қалай жүзеге асырылады?

– Тараптардың келісімі бойынша және өндірістік процесс мүмкіндік берген жағдайда карантин кезінде жұмыс беруші қашықтан жұмыс істеуді белгілеуге құқылы.

Қашықтан жұмыс істеу жұмыс беруші орналасқан жерден тыс жерде жұмыс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Бұл жағдайда, жұмысты жүзеге асыру шарттары, жұмыс уақытын есепке алу, шығыстар тараптардың келісімі бойынша белгіленеді (жұмыс берушінің актісімен, еңбек шартымен), ал еңбек ақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

–   Қызметкерлер карантинде болған уақытта еңбек төлемі қалай жүргізіледі?

– Карантиндегі барлық қызметкерлерге медициналық мекемеде немесе үй оқшаулауында болуына қарамастан уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары беріледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық төлемі заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Оның мөлшері 15 АЕК-тен артық емес.

–  Толық емес жұмыс күніне көшкен жағдайда еңбек төлемі қалай жүргізіледі?

– Бұл жағдайда қызметкерге еңбек ақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу құжатында белгіленген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

Бұл ретте, қызметкердің толық емес жұмыс уақыты жағдайында атқаратын жұмысы жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына, еңбек өтіліне және Кодекс, еңбек, ұжымдық келісімшарт, келісімдермен белгіленген еңбек саласындағы басқа да құқықтарына шектеу қоймайды.

– Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмыс қалай қолданылады?

– Мемлекеттік органдар қалыпты жұмыс режімін жалғастыра береді. Жекелеген қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу режіміне көшкен.

Қызметкерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру қажеттілігін жұмыс беруші (мемлекеттік орган) өзі анықтайды.

Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбекақы төлеу мемлекеттік қызметшілер орындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижелеріне қарай қалыпты еңбек жағдайлары кезіндегі сияқты жүргізіледі.

Сонымен бірге, қашықтықтан жұмыс істеу қызметкер үшін  өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлеміне, жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының ұзақтығына, еңбек өтілінің есептелуіне және еңбек саласындағы басқа да құқықтарына шектеу қоймайды.

– Өндірісті тоқтата тұру кезеңінде қызметкерлерге төлем қалай жүргізіледі?

– Бұндай жағдайда төлемақы еңбек, ұжымдық келісімшарттарымен, еңбек ақының төменгі деңгейінде белгіленеді(42 500 теңге).

Алайда, бос тұрып қалу төлемі жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісім бойынша еңбек ақының төменгі деңгейінен жоғары болуы мүмкін.

–   Төленетін еңбек демалысы қалай беріледі?

– Кезекті еңбек демалысын беру белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады (демалыстар кестесіне сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша кестеден тыс).

 – Салықтарды төлеу бойынша мерзiмді ұзартуды беру тәртібі мен шарттары қалай қалыптасады?

– Салық кодексіне сәйкес салық төлеушіге еңсерілмейтін күш салдарынан зиян келтіру (әлеуметтік, табиғи, техногендік, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің өзге де мән-жайлары) салықтарды төлеу бойынша кейінге қалдыру үшін негіз болып табылады.

Осы негіз бойынша кейінге қалдырудың қолданылу кезеңінде берешек сомасына өсім есептелмейді.

Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын бір мезгілде төлей отырып, кейінге қалдыру 6 айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Кейінге қалдыру салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге және (немесе) банк кепілдігімен беріледі.

Кейінге қалдыру туралы мәселені қарау үшін салық төлеуші тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына белгіленген нысан бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салықтық өтінішті ұсынуы қажет.

Құжаттардың тізбесі Салық кодексінің 51-бабының 3-тармағында көрсетілген.

Кейінге қалдыру:

– төлем көзінен ұсталатын салықтар;

– акциздерге;

–  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларға ҚҚС;

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін салықтар бойынша берілмейді.

– Төтенше жағдай кезінде елде салық берешектерін өндіріп алу бойынша қандай да бір кейінге қалдыру шаралары қарастырылған ба?

– Төтенше жағдай кезінде салық берешегін өндіріп алу шаралары Салық заңнамасына сәйкес қолданылады.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнесті қолдау үшін шаралар қарастыруда.

– Салық декларацияларын тапсыру мерзімі ауыстырыла ма?

– Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін салық есептілігінің мынадай нысандарын электронды түрде ұсыну мерзімі ұзартылады:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00 нысандар);

2) жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар));

3) жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысан));

4) көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);

5) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан););

6) жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан).

– Төтенше жағдай және карантин кезінде әділет органдарының жұмыс тәртібі қандай?

– Әділет органдарының әдеттегідей жұмыс істейді. Жекелеген қызметшілер ғана қашықтықтан жұмыс істеу режіміне ауыстырылды. Сонымен қатар, әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылатының естеріңізге сала кетейік.

– Төтенше жағдай кезінде атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі қандай?

– Атқарушылық құжаттарды орындау тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес әдеттегі тәртіппен орындалады.

Сонымен бірге атқарушылық әрекеттерді жасауды қиындататын немесе мүмкін емес ететін мән-жайлар болған кезде өндіріп алушы немесе борышкер, не сот орындаушысы істі қараған соттың алдына немесе орындау орны бойынша соттың алдына орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы мәселе қоюға құқылы.

Сот орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту, сондай-ақ берілген сомаларды индекстеу туралы мәселені атқарушылық іс жүргізу тараптарының өтініші бойынша шешеді.

– Атқарушылық іс жүргізу тараптары Нұр-Сұлтан қаласынан тыс жерде болса, карантин жағдайында сот орындаушысының іс-әрекетіне қалай шағымдануға болады?

– Жоғарғы сот ақпараттық жүйесінің Сот кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып шағымдануға болады.

– Егер сот орындаушы өз жұмысын төтенше жағдай режімі кезеңінде тоқтатса, біз қажетті ақпаратты қалай аламыз?

– Ақпаратты ұсыну штаттық режімде ұялы байланыс арқылы және сот орындалуының ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

– Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту тәртібі қандай?

– Төтенше жағдай режімі кезінде елдің аумағына кіру және одан шығу шектелген. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары ғана елге кіре алады.

Шектеулер тек шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты қолданылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
166 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
193 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
452 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
931 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1309 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1189 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1667 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2285 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2449 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2457 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2509 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2512 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2104 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2990 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3044 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3037 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3654 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3619 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3610 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3746 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»