8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2020 1356 0
Өзек

ПӘТЕР АЛЫП БЕРУГЕ УӘДЕ БЕРГЕН

Таяуда Батысқазақстандық тәртіп сақшылары 13 адамды алдап үлгерген алаяқты қолға түсірді.

БҚО ПД полиция қызметкерлері жүргізген «Контрафакт» жедел-алдын іс-шарасы  барысында интернет желісі арқылы «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін» деген сылтаумен бірнеше адамды алдап үлгерген 1977 жылғы әйелдің Ақсай қаласының тумасы екені белгілі болды. Ол осы қызметі үшін жәбірленушілерден «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы банк карточкасына  350 мың мен 600 мың көлемінде ақша салуларын талап етіп отырған.  Жалпы шығын 5 миллион жарым теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.

Облысымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар «Жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтарға сеніп,  табыс таппақ түгіл, талап еткен ақшасын жинап беріп, қолындағы барынан айырылып қалуда. Мұндай қылмыс түрлеріне ер адамдармен қатар, әйелдер де араласып жатады. Мәселен, Атырау қаласының 25 жасар тұрғыны вахталық түрдегі жұмысқа орналастырмақшы болып, әр адамнан кемінде 30-35 мың теңге көлемінде ақша алып, хабарсыз кеткен. Осыған ұқсас 5 эпизод тіркеліп отыр.

Аталған  фактіге сәйкес ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек, ағымдағы жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша 197 алаяқтық қылмысы тіркелген, өткен жылы осыған ұқсас кезеңде 196 қылмыс есепке алынған екен.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»