ГАРАЖҒА ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН ҮШЕУ
2020 жылғы 4 наурызда Шаған Пб-іне «Комминтерн» ауылындағы «Восход» гараж кооперативінің төрағасы мен гараж иелері аяқтай келіп, бірнеше гараждың темір есіктерінің бұзылып, гараждың есіксіз қалғанын, бірнеше жеке мүліктерінің ұрланғанын айтып, арыз жазған. Жеңіл көліктер дөңгелектері, велосипедтер, автомобильдің қосалқы бөлшектері, балалар арбасы, ащы- тәттілер жабылған банкілер, өзге де жеке мүліктердің қолды болғанын айтқан.

Хабарламаны алған бойда 22 учаскелік полиция пункітінің инспекторы полиция майоры Төлеғали Үсенов пен инспектордың көмекшісі полиция лейтенанты Данияр Тапалов «Восход» гараж кооперативінің аймақтарын тексеріп шығады. Гараж төрағасын ілестіріп «Қазақ ауыл» ықшам ауданындағы түрлі-түсті металлдарды қабылдайтын орынға жетеді. Бұл орыннан төраға гараж есіктерін танып қалып, гараж иелерін осы жерге шақырады. Келген бес гараж иесі гараждарының есіктері екенін айтып, тәртіп сақшыларына алғыстарын жеткізген. Оның үстіне қылмыстың дереу ашылуына металл қабылдайтын аймаққа бағана басына орнатылған бейнебақылау камерасының көмегі зор болыпты. Алып әрі салмағы зіл батпандай гараж есіктерін мықшыңдаған күдіктілердің металға әкеліп, тапсырып, жерге тастап жатқан қимылдары камераға айнадай жазылып қалған.
Полиция майоры Төлеғали Үсенов пен Шаған Пб криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдері бірлесіп, күндіз-түні іздестіріп, 3 жігітті құрықтады. Үшеуі де азиат нәсілді, Орал қаласының, Зачаганск ауданының жергілікті тұрғындары екен. Бұған дейін заң алдында жауапталып, сотталмаған. 1983, 1993, 1997 жылғы 3 күдікті ұрлыққа бет бұрып, бір апта бойы ұрлық жасағандарын, гараж есіктерін темірмен қайырып, топсасымен бірге жұлып алғандарын, гараж ішіндегі жеке мүліктерді қылтанағын қалдырмай ұрлағандарын толықтай мойындады. Гараж иелерінің біріне 109 мың, біріне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығындар келтірілген.
Дәл қазір Шаған Пб-інде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 тармағына сай ұрлық фактісі деп танылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу әрекеттері барысында келтірілген шығын толықтай есептеледі. Нақтырақ айтсақ, 25 ақпанда Чапаев дивизиясы көшесіндегі бір гараждың есігін топсасынан ағытып, аккумулятор, газ баллон, «Стелс» маркалы қызыл түсті велосипед, металл канистр, «УАЗ», «ЗИЛ», «Жигули» сияқты көліктердің қосалқы бөлшектерін, «Бирюса» маркалы тоңазытқыш, құрылыс материалдарын ұрлаған. 1947 жылғы В. есімді зейнеткер, гараж иесіне 134 мың теңге шығын келді. Ұрлық жасауға еттері үйренген үш жігіт 2 наурызда, сағат 12.00-де дәл осы кооперативтегі келесі гараждың қабырғаларын оңай сындырып, 4 дөңгелек, ағаш кесетін ара, т.б. ұрлаған. 1946 жылғы зейнеткер А. есімді азаматшаға 79 мыңнан астам шығын келді. Шағандық тәртіп сақшылары күдіктілерден тәркілеген бұлтартпас айғақ заттарды өз иелеріне біртіндеп қайтарып беруде. Қайсыбір жеке мүліктер бөлімде тұр. Үшеуінің қолынан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынды, материалдар жинақталып, сотқа жолданады.
Осылайша, Шаған Пб Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Төлеғали Үсеновтің кәсіби шеберлігі мен қырағылығы арқасында 5 эпизодты ұрлық ашылды. Құрықталғандар алдағы күндері сот алдында жауап береді. Гараж иелерінің полиция майоры Төлеғали Сарсенғалиұлына, Шаған Пб басшыларына, КПб жедел уәкілдеріне алғыстары шексіз.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу