8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2020 2245 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АНАЛАР МЕН АРУЛАРДЫ 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

 

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншіліктің айтұмарына айналған 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алаштың әйгілі жазушысы М.Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі. Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі, мейірбан әйел, ұлттың ұйытқысы» деп әйелдің қоғамдағы орнын ерекше атап өткен. Сондықтан да Ана – тіршіліктің тірегі, әлемнің шуағы, өмірдің гүлі, отбасының құт-берекесі мен шырағы, ырыс-ынтымақтың алтын діңгегі ретінде барлық құрмет пен марапатқа лайық!

Тағылымды тарихымызда қайраткерлік қасиет қонған аналардың асқан ерлігі мен өнегелі істері, ақыл-парасатының арқасында қоғамда бірлік, тұрақтылық, сенім мен өркендеу құндылықтары берік қалыптасты. Ел мен ерге сын болған замандарда әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтеріп, Тәуелсіздікті нығайтуға, сүйікті қаламыз – Оралдың гүлденуіне де сүбелі үлес қосып келеді.

Әлемде шұғылалы үш сәуле бар: біріншісі – Күннің сәулесі, екіншісі – Даналықтың сәулесі, үшіншісі – Ананың мейірім сәулесі. Сіздер жаққан шексіз мейірім мен үкілі үміттің сөнбес сәулесі барда мемлекетіміз мәңгілік, келешегіміз кемел боларына сеніміміз мол.

Сіздерге шынайы ілтипатымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, баянды бақыт тілеймін.

Құрметпен, Орал қаласының әкімі                                          А.Шыныбеков

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
83 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
129 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
167 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
421 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
443 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»