8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2020 1803 0
Қоғам

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАН ТАПСЫРДЫ

«Волонтерлар жылы» аясында БҚО Білім басқармасының  басшысы А.Тржанованың бастамасымен мекеме қызметкерлері  өз еріктерімен донор ретінде қан тапсыруда. «Өмірге үміт сыйлаймыз» деп аталған мұндай игі шара бүгін бастау алды.


Қан өткізуге келген әр адам алдымен сауалнама толтырып, дәрігердің қабылдауында болады. Рұқсат алған соң азаматтардың қан тобы, резус-факторы және гемоглобині анықталып, ортақ базадан тексеріледі. Бүгінгі шарада 10-нан астам білім саласының қызметкерлері қан өткізді. Олардың әрқайсысы 450 мл қан тапсырды. Бұл игі бастама наурыз-мамыр айлары аралығында білім саласы қызметкерлері арасында өтеді.

«Бір донор – бір өмір» демекші, біздің игі ісіміз көптеген адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы көмектің арқасында біз біреудің анасының, әкесінің, баласы мен бауырының өмірін сақтап қаламыз. Осы әрекетімізбен азаматтарды қан тапсырып, көмек көрсетуге шақырамыз, – дейді БҚО білім басқармасының басшысы А.Тржанова.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»