КОРОНОВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ ҚАУПІ: БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА 138 АДАМ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген 138 адам медициналық бақылауға алынған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

ҚР Бас санитарының 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген барлық адамдар 3 санатқа бөлінеді.
ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея елдерінен келген азаматтар – бірінші санаттың «А» тобы қатарында болады. БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, облысымызда бұл санат бойынша тіркелгендер жоқ. Негізінен олар елімізге келген күннен бастап карантиндік 14 күнге ауруханаларға ораластырылып, медициналық қадағалауда болады. Одан кейін 10 күн бойы тұрғылықты жері бойынша қосымша бақылауға алынады.
Бірінші санаттың «Б» тобына – ҚХР Гонконг, ҚХР Макао, ҚХР Тайвань және Жапония, Италия елдерінен келген адамдар жатқызылады. Оларды Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша емхананың медициналық қызметкерлері үйде оқшаулау арқылы күнде барып тексеріп отырады. Үй карантиніне алынған бұл азаматтар осы уақытта халықтың жаппай жиналатын орындарына бармауы тиіс. Оқшаулау аяқталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауда тағы 10 күн болады. БұЛ санатта қазір 70 азамат медициналық бақылауда.
Франция, Германия, Тайланд, Әзербайжан – екінші санаттағы елдер қатарында. Бұл елден келгендерге Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап тұратын жері бойынша емхананың медициналық қызметкерінің күнделікті қатысуымен 14 күн бойы бақылау жүргізіледі, одан әрі 10 күн бойы емханадан қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда болады. Қазір осы санатта 14 адам есепте тұр.
Сингапур, АҚШ, БАӘ, Ұлыбритания, Бахрейн, Кувейт, Испания, Ирак, Швейцария, Малайзия сынды үшінші санаттағы елдер қатарынан келген 54 азамт тіркеуге алынған. Оларға қаулы нұсқамасыа сай ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерінің бақылауы жүргізілуде.
– 4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, аурушаңдық жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, ҚХР және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ облыс аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында әр адамның өз денсаулығы үшін алдын алу шараларын сақтауын сұраймыз. Ол үшін дене температурасын күніне 2 рет өлшеу, үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету, күн сайын ылғалды тазалау жүргізу, қолды сабынмен жиі жуу, жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын пайдалану ұсынылады, – деді деді департамент басшысы М.Арыспаев.
Сондай-ақ эпидемиологтар қазіргі уақытта ЖРВЖ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жүріп жатырғандықтан, ұйымдастырылған ұжымдарда, нақтырақ айтқанда мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, жоғары оқу орындарында сүзгілердің (фильтр) жұмысы күшейтілуі тиістігін ескертіп отыр. Ал катаралды құбылыстары бар балалар жалпы білім беру нысандарына бармағаны жөн.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу