ПӘТЕР ҰРЛЫҚШЫЛАРЫ ҰСТАЛДЫ
Орал қаласы ПБ және Абай Пб криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері өткен жылдың қараша айында пәтер ұрлығына жол берген топты құрықтады.

Бірнеше адамның пәтерінің есік терезелерін сындырып, енді бірінің пластик терезесін ішке қарай итеріп ашып, үй ішін емін-еркін аралап, үй иелеріне көп мөлшерде материалдық шығын келтірген. Жедел уәкілдердің қолына түскен пәтер тонаушылар дәл осылай 10-нан астам ұрлық жасағандарын айтты. Мысалы, 2019 жылғы 22 қарашада таңғы сағат 07.00 мен 09.00 аралығында «Согласия» көшесіндегі бір үйдің терезелерін итеріп ашып, үйге кірген. Күміс алқа, ақша, 2 дана әшекейлі күміс білезік, 2 дана күміс алқа, сақина жиынтығы, 3 күміс сақина, ортасында тасы бар 1 дана алтын сақина, т.б. жеке мүліктерді қалталарына салып, оқиға орнынан бой тасалаған. 1976 жылғы қожайын үйіне ұры түскенін сезіп, дереу басқармаға арыз жазды. Оған 200 мың теңге шығын келіпті. 1974, 1983, 1986 жылғы жігіттерден құралған топ бүгінгі күні ұрлық жасағандарын толықтай мойындап отыр. Топтың құрамындағы 1983 жылғы В. есімді күдікті Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Орал қаласына келіп, достар тауып, бірлесіп пәтер тонауға келіскен көрінеді. Алайда, Оралға келіп, оңай олжа табамын деп дәнденіп жүргенде тұтылғанын білмей қалды. Осылайша, 10-нан астам пәтер ұрлаған екен.
Бүгінгі күні Абай Пб ҚР ҚК нің 188 бабының 2 бөліміне сай қылмыстық іс қозғады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу