БЮДЖЕТКЕ ҚОЛ САЛҒАН БУХГАЛТЕРЛЕР БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
Жәнібек аудандық ветеринария бөлімінің жетекші маманы А.Қарекенова бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпты деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, А.Қарекенова 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың тамызына дейінгі аралықта мекеме басшысының ЭЦҚ құрылғысын қолдану арқылы өзінің карталық-шотына негізсіз аударым жасаған. Аударымның жалпы сомасы 468 151 теңгені құрады.
Жәнібек аудандық сотының 21 ақпандағы үкімімен А.Қарекенова бюджет қаржысын жымқырғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-тармағы 2-бөлігімен айыпты деп табылып, үш жыл алты айға бас бстандығынан айырылды және мемлекеттік органдарда белгілі орындарда жұмыс жасау құқынан айырылды.
2019 жылы өңірімізде басшының ЭЦҚ заңсыз қолдану арқылы бухгалтерлік есепке жауапты 5 бухгалтер мен қызметкер бюджет қаржысын жымқырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Мәселен, Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қыржылық жұмыстар секторының мегерушісі болған Нығметова 4,7 млн. теңге жымқырғаны үшін 3,6 жы мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ол өзінің карталық есепшотына негізгі жалақысынан артық мөлшерде және сыйақы, уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін жәрдемақы, іссапар шығыны ретінде аударым жасаған. Осы секілді бюджет қаржысына қол салған Бәйтерек ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ілес 2,5 жылға, Бөкейорда ауданы жер қатынастары бөлімінің бухгалтері Иманжанова 1 жылға, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкімдігі аппаратының бухгалтері Жұманиязова 3,6 жылға бас бостындықтарынан айырылды.
– Барлық жағдайда да бухгалтерлер басшылары сеніп тапсырған жеке ЭЦҚ қолданғандары анықталды. Басшылардың жауапсыздығы қылмыстың жасалуына ыңғайлы жағдай туғызып отыр. Бірнеше себеп бар – басшылар қаржы-шаруашылық қызметті жүргізуден өздерін қашық ұстайды әрі қаржылық, компьютерлік сауаттылықтары төмен. Сондай-ақ мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметі үшін жауапкершіліктен қашып, бухгалтерлер мен қызметкерлерге ысырып қоюды жөн санайды. Бұл мәселе облыс әкімідігі деңгейінде қаралды. Нақты шаралар қолға алынады деп сенеміз, – дейді департамент басшысының орынбасары Н.Самет.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу