8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Наурыз 2020 1396 0
Өзек

ӘЙЕЛ АДАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ЭКС-ПОЛИЦЕЙГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚАРАЛУДА

Орал қалалық сотында төрт баланың анасының өліміне кінәлі полиция қызметкеріне қатысты іс қаралуда. Бүгін сот төрешесі Айжан Мырзалы қылмыстық соттың бірінші отырысын өткізді. Оған БАҚ өкілдері де шақырылды.


Экс-полиция Медет Рахадилов сот барысында болған оқиғаға қатысты қандай бір түсінік беруден бас тартты. Ал көп баланың әкесі әділдікті талап етіп отыр. Бір мезетте төрт баланың анасын қыршын қиған жол көлік оғиғасы өткен жылдың 7 желтоқсанында Жәңгір хан көшесінде түн жарымында болған еді. Аталмыш жантүршігерлік қайғылы оқиғаға жауапты деп танылған Медет Рахадилов қызметінен қуылған болатын.

Алғашқы тыңдалымнан қос тараптың куәгерлері мен тума-туыстары да табылды. Алайда, айыпты қолымен жасаған іс туралы, қалай болғаны туралы ауыз ашпады. Марқұмның жолдасы жол апаты болған күні экс-полицей удай мас болғанын мәлімдеді. Полиция қызметкерінің қатысымен болған жол апатына қатысты қылмыстық істің бұл алғашқы отырысы. Бүгін судья екі тарапты да тыңдады.

Екінші сот отырысы наурыз айының 10-шы жұлдызына белгіленді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
61 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
266 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
604 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»