МИТИНГ ТУРАЛЫ ЗАҢ ҚОҒАМ ТАЛҚЫСЫНДА
Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мәжіліс залында өңір жұртшылығына «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыс ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» жаңа заң жобасын жан-жақты түсіндірді.

– Бүгін біз қоғам назарына жаңа заң жобасын ұсынып отырмыз. Жаңа Заң жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жасақталған. Жалпы, 1995 жылғы заң жалпылама сипатта болды. Негізгі құқықтық регламент мәслихаттарға жүктелді, бұл мемлекеттің әр түрлі аймақтарында әртүрлі құқықтық реттелуіне әкеп соқты. Заңнамадағы мұндай кемшіліктер жергілікті уәкілетті органдардың алуан түрлі талаптар белгілеуіне көмектесті. Жаңа заңның қабылдануы республиканың барлық аймақтарында бейбіт жиналыс өткізудің бірыңғай ережелерін орнатады. Сонымен бірге, қолданыстағы заңның кемшіліктерінің бірі – бейбіт жиын түрлерінің нақты реттелмеуі. Осыған байланысты заң жобасында ұғымдық аппарат құру ұсынылған. Бұл бейбіт жиын, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға мүмкіндік береді. Заң жобасы бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді, олардың арасында, ең алдымен, зорлық-зомбылыққа, күштеуге тыйым салу, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, өзгелердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және ең бастысы – қатысу еркіндігін қамтамасыз ету бар, – дейді Данияр Есин.
Одан бөлек, заң жобасында бейбіт жиындарда ұйымдастырушылардың, қатысушылар мен журналистердің мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін бекіту қарастырылған. Вице-министрдің мәлімдеуінше, қолданыстағы заң қатысушылар мен ұйымдастырушылар ұғымын ажыратпаған және журналистер қызметінің тәртібін реттемейді. Жаңа заңда ұйымдастырушылар мен қатысушылардың мәртебесіне, құқықтары мен міндеттеріне анықтама беру ұсынылады. Бұл бейбіт жиналыс қатысушылары мен ұйымдастырушылары болуы ықтимал адамдарға қойылатын талаптарды анықтауға көмектеседі. Оған қоса, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттері де нақты айқындалады, бұл бейбіт жиналыс субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді. Бейбіт жиналыс ұйымдастыруды ыңғайлы ету үшін ұйымдастырушыларды тануға болатын белгілер қабылданады. Заң жобасында бейбіт жиналыстарды тек хабарлау тәртібімен пикет түрінде өткізу мүмкіндігі қарастырылады. Бейбіт жиналыстар, демонстрациялар, шеру және митингілер өткізуге рұқсат беру 250-ден астам адам қатысқан жағдайда ғана қажет болады. Заң жобасы хабарламаларды немесе өтініштерді қараудың нақты және түсінікті ретін құруға мүмкіндік береді.
Жиында сөз алған «Ақ отау» ҚБ төрайымы Алтынай Исқалиева әлем бойынша халық митингіге өз пікірін білдіруге шығатынын жеткізді. – Мен бейбіт митингі мен пикет өткізуді қолдаймын, бірақ батыс елдерінде өткізілу тәртібін қайталамауымыз керек. Олардың өз тәжірибесі бар, бізде өзімізше өткізуіміз тиіс. Жаңа заңның кей тұстарымен мен де келіспеймін. Митингіні қай жерде өткізу қолайлы екенін ұйымдастырушылар өздері шешуі қажет. Ал мәслихаттар құлақ асуы керек. Ал 250 адам деген қайдан шыққан? Митингіге қанша адам қатысатынын ұйымдастырушы қайдан біледі? – дейді ол.
Заң жобасының тағы бір басымдығы – бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат берілмейтін негіздердің нақты тізімін жасау. Қолданыстағы заңда бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат бермеу негіздері анық жазылмаған, ал түзетулерде нақты тізім қолданылды. Бұл жағдайда заң жобасында бейбіт жиналыстар үшін балама орын ұсыну құқығы қарастырылған. Бейбіт жиналыс өткізу орны да – заң жобасын әзірлеушілер жасаған маңызды бөліктердің бірі. Қазіргі уақытта мәслихаттар түрлі жерлерде бейбіт жиналыс өткізуге арналған орындар бөлді.
Жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған вице-министр Данияр Есин мүмкіндігінше көпшіліктің орынды пікірлерін алда қабылданатын жаңа заңға енгізуге уәде етті.


Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу