БӘЙТЕРЕКТЕ ХАЛАЛ АСХАНА АШЫЛДЫ
2017 жылы Батыс Базақстан облысы, Бәйтерек ауданында Мәуліт және Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс жаңа мешіт ашылған болатын. Алла үйінің салынуына атсалысқан Ақжайық өңірінің тумасы, облыстық мәслихат депутаты Мұрат Жәкібаев. Содан бері бос тұрған бұрынғы ескі мешіт ғимараты қасиетті жұмада Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының халал стандартына сай келетін асхана ретінде есігін айқара ашты. Бәйтерек аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Шақаевтың бастамасымен 200 адамға арналған асхана іске қосылды.

Асхананың ашылу рәсіміне арнайы жайылған дастархан басында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тастанұлы жиналған жұртты асхананың ашылуымен құттықтап, аудан халқының қажеті үшін осындай игі істі қолға алып жатқан жас болса да бас имам Бағдат Русланұлына шексіз алғысын жеткізді.
Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев ел игілігіне берілген асхананың тұсаукесеріне құтты болсын айтып, Орал медресесінің түлегі, көрші Тасқала ауданының тумасы, білімді азамат, аудандық мешітінің бас имамы Бағдат Шақаевтың еңбегін бағалап, имандық жұмысына сәттілік тілеп, халал тойлар мен игі қуаныштардың көп болуын тілеп, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Бәйтерек ауданының тұрғыны Сәтім ата тұңғыш рет ашылып отырған халал стандартына сәйкес келетін асхананың ашылуына ұйтқы болған бас имам Бағдат Русланұлына ақжарма тілегін арнап, дастархан соңында дұға жасады.
Игі шараға облыстың имамдары, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Дүйсенұлы мен елдің ақсақалдары мен имандары жастары қатысты.
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу