8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 1582 0
Қоғам

ЖАСТАР НЕГЕ ӘСКЕРГЕ БАРУҒА ҚҰЛЫҚСЫЗ?

            Қазір еліміздің барлық қорғаныс істер басқармасында қызу қарбалас. Өйткені бірінші наурыздан бастап 18-27 жас аралығындағы әскери борышын өтемеген жігіттерді көктемгі Қарулы күштер сапына шақыру науқаны басталады. Осы орайда бүгін қалалық әкімдікте шаһар басшысы Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен кеңес отырысында әскерге шақыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жиында  жастардың әскер қатарына өз еріктерімен бармауы, денсаулығын тексеру жағдайы, жауапты құрылымдардың ұйымдастырушылық мәселесі кеңінен сөз болды.   Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Рафхат Мәжитовтың айтуынша, өткен жылғы күзгі науқанда жалпы, қала бойынша әскерге шақыру жоспары 218 адам болса, соның 117-сі ғана орындалған. Яғни, 117 сарбаз ғана Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.  Сөйтіп, жоспарға сай жүктелген міндет 81 пайызға орындалыпты.

– Әскерге шақырылушылардың көбісі – моральдық-психологиялық тұрғыдан әлсіз. Күнкөрістің қамымен Отан алдындағы міндетін ұмыт қалдырғандар көп. Жастардың Атырау, Ақтау қалаларына жоғары жалақы төленетін  вахталық жұмысқа кетуі жиіледі. Сол себепті іздестіру шаралары нәтиже бермей отыр. Өңіріміз Ресеймен шектесіп жатқандықтан, көп азаматтар сол елге оқуға, жұмысқа барады.  Кейін азаматтығын өзгертеді. Қалаға жоғары және арнаулы оқу орындарына келіп, әскери есепте тұрған студенттер оқуын бітірген соң есептен шықпастан кері ауылдарына кетеді. Соның кесірінен тұрғылықты мекенжайы басқа болғанымен, біздің есепті көбейтіп тұрады. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды зерделеу кезінде олардың ата-аналарымен әңгімелесеміз. Сол кезде байқағанымыз, жастардың басым көбісі әскери борышын өтеуге құлықсыз. Өйткені, әскери билеттің  алда оқуға түсуге, жұмысқа орналасуға ешқандай жеңілдік бермейтіні сөздеріне тиек. Әскерге шақырылушылар көп жағдайда өз мекенжайында тұрмайды. Ата-анасы шақырту қағазын алудан үзілді-кесілді бас тартады, – дейді Рафхат Қуанайұлы.

Ал әскерге барудан жалтарғандардың үйіне үш мәрте шақырту апарылады екен. Егер үшеуінде де мекенжайында болмаса, іздестіру көзделген. Жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру мақсатындағы кездесулер колледж, жоғары оқу орындарында жоспарға сай өтіп отырады. Бірақ, кей колледж директорлары студенттерді әскерге бармауға үгіттейтіні де басқарма өкілдері тарапынан айтылды. Осы тұрғыда биыл оқу орындарындағы әскерге баруға ынталы жастардан емтиханды мерзімінен бұрын алу мәселесін де тілге тиек етті.

Басқарма бастығының сөзінше, әскерге шақырылушыларды іздестіру тізімі ішкі істер органдарына беріледі. Әскерге баруға құлықсыздарды іздестіру және бөлімшеге жеткізу үшін басқармада көлік те тапшы.  Оларды қосымша медициналық сараптамадан өткізу –арнайы емханаға міндеттелгені жөн. Себебі қаладағы түрлі емханаға тексерілуге жіберілген жігіттер кейін табылмай жататын көрінеді. Сондай-ақ қазіргі таңда сарбаздардың денсаулығына жауапты дәрігерлер де жұмыстарына салғырттық танытып отыр.

Қала басшысы Абат Абайұлы бұл мәселе бойынша  облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Айгүл Құлбарақоваға әскерге шақырылу науқанына қажетті медициналық жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетуді қатаң тапсырды. Жиын соңында шаһар басшысы Абат Абайұлы әскерге шақыру жұмысымен айналысатын жауапты адамдарды қызметтеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
73 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
144 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
374 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1140 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2210 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2375 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2382 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2437 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2055 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2917 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2971 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2965 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3578 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3546 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3537 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3513 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»